
Ұлытау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында “Абайлаңыз, жұқа мұз!” тақырыбында ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері азаматтық қорғау аға лейтенанты Алдияр Рысбаев сөз сөйледі.
- Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар депарментімен келе жатқан қыс мезгілінде адамдардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізуде. Сол шаралардың бірі және маңыздысы деп айта кетсек болады бұл қысқы кезеңде су айдындарындағы қауіпсіздік тәртібі.
Жыл сайын Департамент қызметкерлерімен мұздағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жұмыстар жасалуда.
1 қыркүйек шомылу маусымы жабылғаннан кейін балықшыларға аса көңіл бөлінеді. Күн сайын рейдттік іс-шаралар жүргізіліп, балықшы дүкендеріне жадынамалар таратылады.
Сонымен қатар мектептерде оқушылармен қауіпсіздік бойынша ашық сабақтар өткізу жоспарда.
Жақында қыс мезгілі келеді және барлық су объектілері жұқа мұзбен жабылады. Мұз күн қатты аязда қататын болады. Барлығы су айдындарындағы қауіпсіз мінез-құлық ережелерімен таныс, бірақ оларды бәрі бірдей сақтай бермейді. Статистикаға сәйкес, қысқы кезеңде су айдындарында қаза болған жағдайлардың көпшілігінде ер балықшылар, қараусыз қалған балалар, сондай - ақ құтқарушылардың кеңесіне құлақ асып, әлсіз, борпылдақ және әлсіз мұзға шығатындар болады.
Бір адамға арналған мұздың қауіпсіз қалыңдығы - 7 см, жаяу өткелге арналған мұздың қауіпсіз қалыңдығы - 15 см және одан да көп, автомобильдер үшін қауіпсіз мұздың қалыңдығы - кемінде 30 см.
Қиындықтың алдын алу үшін мұзда жүріс-тұрыстың қарапайым ережелерін сақтау қажет:
- ешбір жағдайда қараңғыда және нашар көрінген кезде (тұман, жаңбыр, қарда) мұзға шығуға болмайды;
- өзеннен өту кезінде мұз өткелдерін пайдалану керек;
- мұздың беріктігін аяқтың соққысымен тексеруге болмайды. Егер қатты затпен немесе шаңғы таяқшасымен алғашқы қатты соққыдан кейін, кем дегенде, аздап су пайда болса, аяғыңызды мұздан көтермей және салмақ үлкен аумаққа таралуы үшін аяқты иық еніне орналастырып, келген ізіңізбен аяқты мұздан көтермей, жылжымалы қадамдармен дереу жағаға қарай жүріңіз;
- су қоймасын мәжбүрлі түрде кесіп өту кезінде соқпақтарды ұстану немесе қазірдің өзінде төселген шаңғымен жүру қауіпсіз;
- су қоймасын топпен кесіп өту кезінде бір-бірінен 5-6 метр қашықтықты сақтау қажет.
Мұз өткелдерінде тыйым салынады:
- балық аулау және басқа мақсаттарға арналған тесіктерді тесу;
- жабдықталмаған және қорғалмаған орындардан өту;
- балық аулауға арналған торларды орнатуға жол берілмейді.
Мұзда болған кезде рұқсат етілмейді:
- мұздың жұқа жерлеріне шығу;
- мұздың жекелеген жерлерінде топтарға жиналу;
- мұздағы жарықтарға, ойықтарға жақындау;
- көлік құралдарымен өткелден тыс шығуға.
Тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көрінген кезде мұзға шығуға жол берілмейді.
Егер сіз мұздың астына түсіп кетсеңіз, өзіңізді қалай құтқаруға болады:
- дүрбелеңге түспеңіз, сіз денеңізді мұздың жұқа жиегіне тастай алмайсыз;
- басыңызды судан мүмкіндігінше жоғары ұстаңыз;
- судың бетінде қалып, мұздың астына кетпеу үшін қолдарыңызды кең жайыңыз;
- шама кегенше артық киімдерден арылыңыз, рюкзактарыңызды, аяқ киіміңізді шешіңіз;
- сабырлы түрде кенеттен қозғалыстар жасамай, калың мұзға қарай шығуға тырысыңыз;
- қауіпті жерден шыққан бағытқа қарай жорғалаңыз, көмекке шақырыңыз;
- қауіпсіз жерге жеткенде дымқыл киімді шешіп, құрғатыңыз, ыстық шай ішіңіз, дәрігерді шақырыңыз.
Брифинг барысында көрермендердің сұрақтарына да жауап берілді.