Абайлаңыз мұздақтар!

Абайлаңыз мұздақтар!

Қыста ғимараттардың төбесінде көп мөлшерде қар мен мұз жиналады, сонымен қатар айтарлықтай мөлшерге жететін мұздықтар пайда болады. Еріту кезінде ғимараттардың төбелерінен қар еріп, мұздың құлауы байқалады. Қауіпті аймақта болған кезде сіз қар-мұз массасының құлауынан ауыр жарақат алып, тіпті өліп қалуыңыз мүмкін. Мұндай жағдайға тап болмас үшін Ұлытау облысының ТЖ Департаменті ескертеді:

‼️ - тек тротуардың сыртында жүріңіз;

‼️ - мұздар пайда болған карниздер мен балкондардың астында тұрмаңыз;

‼️ - ғимараттың мұзды карнизінің астынан өту қажет болса, мүмкіндігінше тез өтіп кетуге тырысыңыз;

‼️ - жоғарыдан шу немесе ескерту айқайын естігенде, ғимараттың маңайынан қашыныз немесе қабырғаға жақындап тұрыңыз, басын сөмкемен немесе қолыңызбен қорғаңыз;

‼️ - көшеде құлаққаппен жүрмеңіз, сіз шатырдан жауған қардың шуын естімей қаласыз;

‼️ - ескерту таспасымен қоршалған жерлерді айналып өтіңіз, қоршаудан өтуге тырыспаңыз;

‼️ - карниздер мен шатырлардағы мұздақтарды көргеннен кейін, олар жоқ жаққа өтіңіз.