Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің бос лауазымға орналасу үшін кәсіптік даярлауға іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды
Іріктеуге қатысу үшін барлық қатысушыларға қойылатын жалпыбіліктілік талаптары C-SV-12, C-SV-13, санаты үшін: білімі орта, арнайы орта, жоғары, жасы отыз бес жастан аспаған, Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындық өткендер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.
Іріктеу өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті кадр жәнетәрбие жұмыстары басқармасына қажетті құжаттарды тапсырған Қазақстан Республикасының азаматы конкурсқа қатысушы болып табылады.
Азаматтық қорғау органы қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы:
|
Санаты |
Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты |
|
|
min |
max |
|
|
C-SV-12 |
165 466 |
220 504 |
|
C-SV-13 |
153 432 |
207 231 |
Өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері - 4 бірлік (C-SV-12 дәрежесі): Ұлытау облысының Жезқазған қаласы;
Өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкер- 6 бірлік (C-SV-12 дәрежесі): Ұлытау облысының Сәтбаев қаласы;
Өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкер- 1 бірлік (C-SV-12 дәрежесі): Ұлытау облысының Қаражал қаласы;
Өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкер- 1 бірлік (C-SV-12 дәрежесі): Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы;
Өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкер- 1 бірлік (C-SV-12 дәрежесі): Ұлытау облысының Жезді кенті ;
Өрт сөндіруші-құтқарушы – 1 бірлік (C-SV-12 дәрежесі);Ұлытау облысының Жезқазған қаласы;
Өрт сөндіруші-құтқарушы – 1 бірлік (C-SV-13 дәрежесі);Ұлытау облысының Сәтбаев қаласы;
Өрт сөндіруші-құтқарушы – 1 бірлік (C-SV-13 дәрежесі); Ұлытау облысының Қаражал қаласы
Өрт сөндіруші-құтқарушы – 1 бірлік (C-SV-13 дәрежесі); Ұлытау облысының Ұлытау ауданы Жезді кенті;
Жоспарлау және жедел басқару орталығының (басқарма құқығында) Кезекші бөлімнің (бөлім құқығында) аға технигі – 1 бірлік (C-SV-12 дәрежесі) Ұлытау облысы Жезқазған қаласы
Функционалдық міндеттері:( Өрт сөндіруші-құтқарушы – (C-SV-12 C-SV-13)), (өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері - (C-SV-13)) дәрежесі қарауылдық қызметке қатысу, өртті сөндіруге қатысу, адамдар мен заттарды құтқару бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын өткізу, радиотелефоншының функционалдық міндеттері - 101 және 112 жолдарға жауап береді. Бөлімшенің шығу кестесіне сәйкес төтенше жағдай орнына күштер мен құралдарды дереу жіберу.
Конкурсқа қатысушыға талаптар: білімі орта, арнайы-орта, жоғары. Жасы отыз бес жастан аспаған, Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындық өткендер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.
Конкурс 2025 жылдың 21 шілде айынан бастап 2025 жылдың 01 тамызына дейін Жезқазған қаласы Тарадая 6 көшесі, Төтенше жағдайлар департаментінде өткізіледі және де құжаттарды жұмысқа орналасу үшін осы мекен жайға тапсырылады. .
C-SV-13, C-SV-12 санаттары үшін, бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурстың өту тәртібі:
Іріктеуден сәтті өткен жағдайда үміткерлер алғашқы және кәсіби дайындыққа қатысу үшін ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы АҚА Астана қаласының оқу орталығына кезеңнен өту үшін жіберіледі.