Ұлытау облысында Төтенше жағдайлардың алдын алу және
жою жөніндегі комиссия отырысының
ХАТТАМАСЫ
|
Ұлытау облысы
|
№1
|
2025 жылғы 10 ақпан
|
|
|
|
сағат 16:00
|
Төрағалық етті: Ұлытау облысының әкімі,
Комиссия төрағасы Д.А. Рыспеков
Қатысқандар: тізім бойынша
- 2025 жылғы су тасқын мезгіліне дайындық туралы
(Рыспеков, Үсенов, Байыров, Шайжанов, Бөрібаев, Құлымбетов, Мырзабеков, Есеналиев)
- Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Е.Ә.Байыровтың ақпараты назарға алынсын.
- Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұ.Т. Үсенов,
Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті (келісім бойынша) 2025 жылғы 15 наурызға дейін су тасқыны жағдайының күрделенуіне жедел ден қою үшін «ҚазӘуеҚұтқару» АҚ-ның тікұшақтарын тарту қажеттілігін пысықтасын.
- Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұ.Т. Үсенов, Жезқазған қаласының әкімі Қ.А. Шайжанов, Сәтбаев қаласының әкімі
М.Е. Бөрібаев, Қаражал қасының әкімі А.Қ. Елеусізов, Жаңаарқа ауданының әкімі Қ.Ш. Қожықаев, Ұлытау ауданының әкімі
А.М. Мырзабеков:
3.1. Су тасқыны салдарын төмендетуге бағытталған 2025 жылғы
31 қантардағы №05ө «2025 жылғы су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардан Ұлытау облысының тұрғындары мен аумағын қорғауды ұйымдастыру туралы» өкімі тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етсін.
3.2. 2025 жылғы 5 наурызға дейін Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны «филиалының ауа райы болжамына сүйене отырып, елді-мекендердегі
су басу тәуекелдерін анықтасын және алдын алу шараларын жоспарласын.
3.3. 2025 жылғы 5 наурызға дейін су тасқыны кезеңінде көмек көрсету үшін «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нан қажетті арнайы техника мен күш құралдарды тарту мәселелерін пысықтасын.
3.4. 2025 жылғы 5 наурызға дейін су тасқыны кезеңінде ахуалдың күрделенген жағдайында мүмкіндігінше елді-мекендердегі жеке арнайы техникаларды қауіпсіздік тарту мәселелерін пысықтасын.
3.5. 2025 жылғы 20 наурызға дейін елді-мекендердер мен ауыл ішіндегі еріген қар суларын кедергісіз өткізуін қамтамасыз ету мақсатында және ауа райының жылыну кезінде эпидемиялық аурулардың туындауын алдын алу үшін сайлар, каналдар мен арықтарды қоқыстардан, мал мен жануар өлікселерден тазаласын.
- Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұ.Т. Үсенов,
Жезқазған қаласының әкімі Қ.А. Шайжанов 2025 жылғы 20 наурызға дейін:
4.1. Кеңгір арнасы мен жағалауларына санитарлық тазартуды қамтамасыз етсін.
4.2. Жезқазған қаласының жеке секторы мен саяжайларындағы тәуекелді аумақтарда су тасқынын болдырмау үшін алдын ала жұмыстарын жүргізсін.
4.3. Жезқазған қаласының 1, 2 және 3-ші ауылдарында су тасқынын болдырмау үшін бөгет жұмыстарын жүргізсін.
- Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұ.Т. Үсенов,
Қаражал қасының әкімі А.Қ. Елеусізов 2025 жылғы 31 наурызға дейін Қаражал қаласындағы «Қылыш» су қоймасы мәселесін шешу мен жөндеу шараларын пысықтасын.
- Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұ.Т. Үсенов,
Ұлытау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Ұлытау ауданының әкімі А.М. Мырзабеков
2025 жылғы 10 наурызға дейін Жезді өзенінің санация жұмыстары орындау барысындағы орын алған кемшіліктерге түзету жұмыстарын қарастыра отырып, санация жұмыстарын аяқтасын.
- Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы (келісім бойынша) Қаражал қасының әкімі А.Қ. Елеусізовпен, Жаңаарқа ауданының әкімі Қ.Ш. Қожықаевпен, Ұлытау ауданының әкімі А.М. Мырзабековпен Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп (келісім бойынша), Ұлытау және Жанаарқа аудандарында қардың қалындығын мен топырақтың ылғалдылығын тексеру жұмыстарын жүргізсін.
- Ұлытау облысы әкімінің орынбасары А.С. Ыдырысов,
Ұлытау облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары, Ұлытау облысы «ҚазАвтоЖол» ҰК» акционерлік қоғамының филиалы
(келісім бойынша), Жезқазған қаласының әкімі Қ.А. Шайжанов,
Сәтбаев қаласының әкімі М.Е. Бөрібаев, Қаражал қасының әкімі
А.Қ. Елеусізов, Жаңаарқа ауданының әкімі Қ.Ш. Қожықаев,
Ұлытау ауданының әкімі А.М. Мырзабеков жол бойындағы қарды уақтылы және сапалы тазалауды қамтамасыз етсін.
- Азаматтық қорғаныстың жай-күйі туралы
(Рыспеков, Үсенов, Байыров, Шайжанов, Бөрібаев, Құлымбетов, Мырзабеков, Есеналиев)
- Ұлытау облысының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының міндетін атқарушы
Қ.Н. Далабаевтың ақпараты назарға алынсын.
- Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұ.Т. Үсенов,
Ұлытау облысының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы:
10.1. 2025 жылғы 31 шілдеге дейін «Қазақмыс Корпорациясы»
ЖШС-мен резервті басқару орталығын Ұлытау облысы әкімдігі меншігіне беру мәселесін жеделдетіп, пысықтасын және 2025 жылғы 31 қазанға дейін оны кезең-кезеңімен жабдықтау жоспарын әзірлесін.
10.2. 2025 жылғы 31 мамырға дейін Ұлытау облысының
Экономика басқармасымен бірлесіп, командалық-штабтық техниканы сатып алу мәселесін пысықтасын.
10.3. 2025 жылғы 31 мамырға дейін бар басқару орталықтарын қалпына келтіру бойынша мәселелерін пысықтасын.
10.4. 2025 жылғы 1 мамырға дейін Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен талаптарына сәйкес (әскери стандарт) келетін жылжымалы басқару орталығын сатып алу және азаматтық қорғаныс нысандарын
(басқару пункттері, резервтік басқару пункті, қойма үй-жайлары) сатып алу мәселелерін зерттеп, қорытындысы бойынша Ұлытау облысы әкімінің атына қызметтік жазба енгізсін.
- Қыс кезеңінің өту барысы және Ұлытау облысында «Көктем-2025»
командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу туралы
(Рыспеков, Үсенов, Байыров, Ниязова)
- Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Е.Ә.Байыровтың ақпараты назарға алынсын.
- Ұлытау облысы әкімінің орынбасары А.С. Ыдырысов,
Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы 2025 жылғы
31 наурызға дейін «Бобр» техникасын Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің меншігіне өту мәселесін пысықтасын.
- Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұ.Т. Үсенов,
Ұлытау облысының Цифрлық технологиялар басқармасы
Қаражал қасының әкімі А.Қ. Елеусізовпен, Жаңаарқа ауданының әкімі Қ.Ш. Қожықаевпен, Ұлытау ауданының әкімі А.М. Мырзабековпен бірлесіп, 2025 жылғы 31 наурызға дейін шалғай аумақта орналасқан ауылды елді-мекендердегі ұялы телефон желісін тексерсін және байланыс болмаған жағдайда 2025 жылғы 31 шілдеге дейін антенна дінгегі құрылысын салу мен оған жер бөлу мәселелерін пысықтасын.
- Барлық қалалар мен аудар әкімдері және басқарма басшылары Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп (келісім бойынша), Ұлытау облысында өтетін «Көктем-2025»
командалық-штабтық оқу-жаттығуымен қойылған барлық тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етсін.
- Осы хаттаманың орындалуы туралы ақпарат Хатшылыққа
(Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті) белгіленген мерзімге сәйкес енгілсін.
Осы хаттаманың орындалуын бақылау Ұлытау облысының Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасының орынбасарларына жүктелсін.