Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің бос лауазымға орналасу үшін кәсіптік даярлауға іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау  облысы Төтенше жағдайлар департаментіне азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің бос лауазымға орналасу үшін кәсіптік даярлауға іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды

 

Іріктеуге қатысу үшін барлық қатысушыларға қойылатын жалпыбіліктілік талаптары C-SV-12, C-SV-13, санаты үшін: білімі орта, арнайы орта, жоғары, жасы отыз бес жастан аспаған, Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындық өткендер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.

Іріктеу өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау  облысы Төтенше жағдайлар департаменті кадр жәнетәрбие жұмыстары басқармасына қажетті құжаттарды тапсырған Қазақстан Республикасының азаматы конкурсқа қатысушы болып табылады.

 

Азаматтық қорғау органы қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы:

 

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты

min

max

C-SV-12

        165 466

220 504

C-SV-13

        153 432

207 231

 

Өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері - 4 бірлік      (C-SV-12 дәрежесі): Ұлытау облысының Жезқазған қаласы;

Өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкер- 11 бірлік     (C-SV-12 дәрежесі): Ұлытау облысының Сәтбаев  қаласы;

Өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкер- 2 бірлік       (C-SV-12 дәрежесі): Ұлытау облысының Қаражал  қаласы;

Өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкер- 1 бірлік        (C-SV-12 дәрежесі): Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы;

Өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкер- 1 бірлік       (C-SV-12 дәрежесі): Ұлытау облысының Жезді кенті ;

 

Өрт сөндіруші-құтқарушы – 1 бірлік (C-SV-12 дәрежесі);Ұлытау облысының Жезқазған қаласы;

Өрт сөндіруші-құтқарушы – 1 бірлік (C-SV-13 дәрежесі);Ұлытау облысының Сәтбаев қаласы;

Өрт сөндіруші-құтқарушы – 1 бірлік (C-SV-13 дәрежесі); Ұлытау облысының Қаражал қаласы

Өрт сөндіруші-құтқарушы – 1 бірлік (C-SV-13 дәрежесі); Ұлытау облысының Ұлытау ауданы;

 

Радиотелефоншы – 1 бірлік (C-SV-13 дәрежесі) Ұлытау облысы Жезқазған қаласы

             

Функционалдық міндеттері:( Өрт сөндіруші-құтқарушы –  (C-SV-12 C-SV-13)), (өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері -  (C-SV-13)) дәрежесі қарауылдық қызметке қатысу, өртті сөндіруге қатысу, адамдар мен заттарды құтқару бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын өткізу, радиотелефоншының функционалдық міндеттері - 101 және 112 жолдарға жауап береді. Бөлімшенің шығу кестесіне сәйкес төтенше жағдай орнына күштер мен құралдарды дереу жіберу.

 Конкурсқа қатысушыға талаптар: білімі орта, арнайы-орта, жоғары. Жасы отыз бес жастан аспаған, Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындық өткендер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.

 

Құжаттарды қабылдау мерзiмi 2025 жылдың 02 мамыр айынан бастап 2025 жылдың 19 мамырына дейін. Құжаттарды қабылдау орны: 100600, Ұлытау облысы Жезқазған қаласы Тарадая 6, анықтама үшін телефон: 8(771)0150124, электрондық адрес:ok_dchs_ulytau@emer.kz.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Кадр қызметіне қолма-қол тәртіпте құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімдерінде қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып, құжаттар тігетін мұқабатыста орналастырылған мынадай құжаттарды тапсырады:

1) өкілетті органнан белгіленген нысанды өтiнiш;

2) өкілетті органнан белгіленген нысанды сауалнаманы;

3) өкілетті органнан белгіленген нысанды кадр есебi бойынша толтырылған жеке iс парағын;

4) өкілетті органнан белгіленген нысан бойынша өз қолымен жазылған және басылған түрде толық толтырылған өмірбаяны;

5) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн (2 дана);

6) еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (болған кезде);

7) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (қолда бар болса);

8) кандидаттың соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе әскери қызметін өтеген әскери бөлімнен мінездемені;

9) 3,5х4,5см өлшемдегі  6 (алты) фотосуретті;

10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (2 дана);

11) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтаманы;

12) біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы, спорттық жетістіктерін дәлелдейтін құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқаларының көшірмелерін) (болған кезде) тапсырады.

13) өзіне және жұбайынызға 2 дана салықты тапсыру туралы анықтамасы

14) жүргізуші-қызметкер лауазымына үметкерлердің В,С санаты болуымен  жүргізуші жеке куәлігінің көшірмесі 2 дана.

Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

 

C-SV-13, C-SV-12 санаттары үшін, бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурстың өту тәртібі:

  1. Азаматтардан құжаттар қабылдау және олардың лауазымдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн алдын ала қарау;
  2. медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден табысты өту;
  3. Кандидаттардың дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыруы;
  4. Қабылдау комиссиясыныңүміткерлермен өткізетін әңгімелесуі, ал үміткердің қалауы бойынша қабылдау комиссиясынын өткізетін әңгімелесуіүміткердің ата-анасын, жұбайының (зайыбының) шақыруымен өткізіледі.

Іріктеуден сәтті өткен жағдайда үміткерлер алғашқы және кәсіби дайындыққа қатысу үшін ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы АҚА Астана қаласының оқу орталығына кезеңнен өту үшін жіберіледі.

 

 

 

Дата публикации
30 апреля 2025