«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау облысының төтенше жағдайлар департаменті» ММ-нің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау облысының төтенше жағдайлар департаменті» ММ-нің

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

С-О-5 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 сәуірде № 32237 болып тіркелген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығы, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-5

226837

260564

С-О-5

263131

302255

 

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау облысының төтенше жағдайлар департаменті» ММ (100027, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Тарадая 6 көшесі, анықтамалар үшін телефон
8(7102) 72-14-82 (қосымша телефон 31-204), электрондық мекенжай: ok_dchs_ulytau@emer.kz мемлекеттік әкімшілік лауазымның бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:

 

 Бас маман, С-О-5 категориясы, 1 бірлік (ҚҚЕБ-2), бала күтімі бойынша демалыс уақытында негізгі қызметкер мерзім өткенге дейін шығуға құқылы 2026 жылғы 25 шілдеге дейін(Функционналдық блок Б)

 

Функционалдық міндеттері: Департаменттің және оның бөлімшелерінің қызметін қаржылықэкономикалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Бюджет қаражатын дұрыс және уақтылы қалыптастыру және игеру. Нұсқаулыққа сәйкес бухгалтерлік есептің мемориалдық-ордерлік нысаны бойынша шығыстар сметасының орындалуын есепке алуды жүзеге асырады. Бюджеттік тағайындауларға сәйкес сметаларда көзделген бюджеттік сыныптама кодтары (бағдарламалар, кіші бағдарламалар, ерекшеліктер) бойынша шығыстарды жүргізеді. Құжаттардың уақтылы және дұрыс қалыптасуына және жасалатын операциялардың заңдылығына алдын ала бақылауды жүзеге асырады. Ақша қаражатын, есеп айырысулар мен материалдық құндылықтарды түгендеуді жүргізуге, түгендеу нәтижелерін уақтылы және дұрыс анықтауға және оларды есепте көрсетуге қатысады. Активтердің, арзан құнды және тез тозатын заттардың және басқа да материалдық құндылықтардың оларды сақтау және пайдалану орындарында сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

          Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (қаржы және кредит және/немесе экономика және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит)

 

Бас маман санаты C-O-5 (1 бірлік),  ТҚЕ-4  (Функционналдық блок Б)

 

Функционалдық міндеттері: Материалдық құралдарды есепке алуды, мемлекеттік сатып алу тендері бойынша материалдарды дайындауды, материалдық құралдарды есепке алуды және сақталуын қамтамасыз етуді жүргізеді. Департаменттің және оның бөлімшелерінің заттай мүлкін, ЖЖМды пайдалану мен ұстауды бақылайды. Жарамсыз материалдық-техникалық құралдарды есептен шығару бойынша құжаттама жасайды. Тиісті бюджет негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес міндетті түрде жариялануға жататын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (есеп және аудит және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе қаржы және қаржылық құқық).

 

Бас маманы, санаты C-O-5 (2 бірлік), ЗТ-2  (Функционналдық блок Б)

 

Функционалдық міндеттері: Департамент қызметін құқықтық қамтамасыз етуді, Департамент бөлімшелері мен қызметкерлерінің мүліктік және өзге де заңды құқықтары мен мүдделерін құқықтық құралдармен қорғауды жүзеге асырады. Шарттық, қаржылық және еңбек тәртібін нығайту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (құқықтану және/немесе құқық және/немесе азаматтық құқық және/немесе құқық қорғау қызметі).

 

 

 

 

Бас маманы, санаты C-O-5 (1 бірлік), ИЖЖСКТ-1 (Функционналдық блок Б)

 

Функционалдық міндеттері: Қызметтік құжаттар мен келіп түскен хат-хабарларды орыс тілінен қазақ тіліне және қазақ тілінен орыс тіліне аудару жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады. "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңның және тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламаларының орындалуын ұйымдастырады және бақылайды. Департаментте жұртшылықпен ақпараттандыру және өзара ісқимыл бойынша жұмысты ұйымдастырады, Департамент бөлімшелерінде осы бағыт бойынша жұмысты бақылайды. Халықты ақпараттандыру мәселелері бойынша газет редакцияларымен, теле - және радиокомпаниялармен өзара іс-қимыл жасайды. Халықтың және ұйымдардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету қызметтерімен өзара ісқимылды ұйымдастыру және бұқаралық ақпарат құралдарына баспасөз хабарламаларын, мақалаларын, ақпараттарын дайындау. ТЖ жою бойынша іс-шараларға және ТЖ алдын алу бойынша комиссиялық зерттеулерге қатысады. Ақпараттық қолдауды жүзеге асыру және ұйымдастыру, БАҚ-та тұрақты жариялау және Департаменттің қызметі туралы ақпаратты.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (құқықтану және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); педагогикалық ғылымдар (педагогика және психология); әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (журналистика және/немесе саясаттану және/немесе әлеуметтану және/немесе қоғамдық байланыс және/немесе халықаралық журналистика және/немесе халықаралық қатынастар және/немесе әлеуметтік ғылымдар және/немесе журналистика және ақпарат)

 

 Тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы санаты C-O-5 (1 бірлік), ТКМӨМБЖҚБ-2 1 (Функционналдық блок А)

 

Функционалдық міндеттері: Жезқазған өңірінің қадағалауға алынған тау-кен, байыту және металлургия, химия (прекурсорлар) өнеркәсібінде, қалдық қоймаларының жай-күйіне қауіпсіз жұмыс жүргізілуіне қадағалауды тексеріс жүргізіп, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беру арқылы жүзеге асырады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ерекше жағдайларда жеке кәсіпкерлердің, ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрады немесе оған тыйым салады. ҚР заңнамасына сәйкес сот инстанцияларына талап арыз береді. Өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қауіпті өндірістік объектідегі аварияларды, жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысады. Қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға беру кезінде қабылдау сынақтарына, техникалық куәландыруға қатысады. Қауіпті өндірістік объектілерді, қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады. Қауіпті өндірістік объектіде оқу дабылдарын жүргізуге қатысады. Құрылысқа арналған жобаны келіседі және қауіпті өндірістік объектілердің пайдаланылатын өндірістік ғимараттардың, технологиялық құрылыстардың және техникалық құрылғыларының жай-күйін бақылауды жүзеге асырады; қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарының, технологиялық ғимараттарының сараптамасының уақтылы жүргізілуін бақылайды. Қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға беру кезінде қабылдау сынақтарына, техникалық куәландыруға қатысады. Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) және/немесе өндірістік және өңдеу салалары және/немесе инженерия және инженерлік іс).

 

 

 Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Уәкілетті органмен бекітілген нысандағы өтініш (нысан қоса берілді);

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен уәкілетті органмен бекітілген нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі.

3) Білімі туралы құжаттар мен олардың көсымшаларының нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Қызметтік тізім және білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшалардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабының
8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

Уәкілетті органмен бекітілген нысандағы өтініш (нысан қоса берілді);

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі).

Осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде ұсынылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Ұлытау облысының төтенше жағдайлар департаменті» ММ-де, Жезқазған қаласы Тарадая көшесі 6 мекенжайында өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сондай-ақ сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы

Нысан

 

      __________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

 

Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

 

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

______________________

______________________

______________________

Мекен жайы: ______________________

Байланыс телефоны: ______________________

e-mail: ______________________

ЖСН: ______________________

 

____________________________________

      (қолы)    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

   

  «___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

3-қосымшасы

Форма       

 

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

 

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК

 КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

 



_______________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

_______________________________________

(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный

идентификационный номер)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/

Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/

Национальность (по желанию)

 

3.

Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /

Семейное положение, наличие детей

 

4.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/

Год окончания и наименование учебного заведения



5.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /

Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)



6.

Шетел тілдерін білуі/

Владение иностранными языками



7.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 



8.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)



9.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)



10.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)



 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /

должность*, место работы, местонахождение организации

 

қабылданған/

приема

босатылған/

увольнения







 



 

_____________________
Кандидаттың қолы/

Подпись кандидата

_______________
күні/дата

 

* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазымы жеке бағанда толтырылады.

 

 

Дата публикации
09 апреля 2025