«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ қызметкерлері арасында бос басшылық лауазымға орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ қызметкерлері арасында бос басшылық лауазымға орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі 2025 жылғы 31 наурыздан 2025 жылғы 11 сәуірге  дейін жүзеге асырылады. Құжаттарды қабылдау орны: 100600 Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Тарадай көшесі 6, анықтама телефоны:8(7102) 72-11-98, 72-11-98 факс электрондық мекенжайы: оk_dchs_ulytau@emer.kz.

 

Ұлытау облысы төтенше жағдайлар департаментінің  Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімінің  бастығы лауазымына - 1 , C-SVO-4 санаты.

 

Функционалдық міндеттері: барлық дәрежелі өрттер мен өрттерді есепке алуды және талдауды жүзеге асыру, ақпаратты есепке алу кітабына ақпаратты тіркеуді жүргізу, сондай-ақ өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес іс жүргізу шешімін және өзге де функцияларды орындауды ақпарат бойынша қабылдайды.

Конкурсқа қатысушыға талаптар:

Білімі- жоғары,

құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде C-GP-6, C-OGP-6, C-RGP-3, C-AGP-7, C-KGP-4, C-OKGP-4, В-PK-6, В-PKО-5, C-SV-8, С-SVО-5, C-SVR-4, C-SVU-5, C-SN-6, С-SSP-5, C-SGU-8, С-FM-5 (аса маңызды істер жөніндегі тергеуші, аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкіл (анықтаушы)) санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санатының лауазымында бір жылдан кем емес;

      2) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

      3) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі алты жылдан кем емес;

      4) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес;

      5) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы

Категория

Должностной оклад в зависимости от выслуги лет

min

max

C-SVO-4

251 474

339 605

 

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген қызметкерлер кадр қызметіне мынадай құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) жұмыстағы негізгі көрсеткіштерді және нақты жетістіктерді көрсететін қызметтік әрекет нәтижелері бар қызметтік мінездеме (еркін нысанда);

3) басшы құрам қатарынан қызметкерлердің ұсынымдары (еркін нысанда);

4) кадр қызметінің басшысы растаған қызметкердің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы деңгейін жыл сайынғы қорытынды тексеру анықтамасы (еркін нысанда);

5) кадр қызметінің басшысы растаған кадр резервіне қою туралы бұйрықтан үзінді (болған жағдайда).

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған және мерзімі бұзылған жағдайда кандидат конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

 

Ішкі конкурсты өткізу тәртібі:

  1. АҚО қызметкерлерінен құжаттарды қабылдау және олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін алдын ала қарау;
  2. Кандидаттармен конкурс комиссиясы өткізетін әңгімелесу.

 

 

Дата публикации
28 марта 2025