«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі (Жезқазған қаласы)» РММ азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің бос лауазымға орналасу үшін кәсіптік даярлауға іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды
Іріктеуге қатысу үшін барлық қатысушыларға қойылатын жалпыбіліктілік талаптары C-SV-12, C-SV-13 санаты үшін: білімі орта, арнайы орта, жасы отыз бес жастан аспаған, Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындық өткендер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.
Іріктеу өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі (Жезқазған қаласы)» РММ кадр саясаты бөліміне қажетті құжаттарды тапсырған Қазақстан Республикасының азаматы іріктеуге қатысушы болып табылады.
Азаматтық қорғау органы қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы:
|
Санаты |
Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты |
|
|
min |
max |
|
|
C-SV-12 |
200 467 |
230000 |
|
C-SV-13 |
180 433 |
210000 |
Аға өрт сөндіруші-құтқарушы - 14 бірлік (C-SV-12 дәрежесі): Ұлытау облысының Жезқазған қаласы;
Өрт сөндіруші-құтқарушы – 11 бірлік (C-SV-13 дәрежесі): Ұлытау облысының Сәтбаев қаласы;
Өрт сөндіруші-құтқарушы - 2 бірлік (C-SV-13 дәрежесі): Ұлытау облысы, Қаражал қаласы;
Өрт сөндіруші-құтқарушы – 4 бірлік (C-SV-13 дәрежесі): Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Жезді кенті;
Өрт сөндіруші-құтқарушы – 7 бірлік (C-SV-13 дәрежесі): Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Ұлытау ауылы;
Функционалдық міндеттері: қарауылдық қызметке қатысу, өртті сөндіруге қатысу, адамдар мен заттарды құтқару бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын өткізу.
Конкурсқа қатысушыға талаптар: білімі орта, арнайы-орта. Жасы отыз бес жастан аспаған, Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындық өткендер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.
Құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулерді және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi 2023 жылдың 22 мамырынан бастап 2023 жылдың 02 маусымына дейін. Құжаттарды қабылдау орны: 100600, Ұлытау облысы Жезқазған қаласы Абай көшесі 132, анықтама үшін телефон: 8(7102)76-17-85, электрондық адрес: okp_spasr_ulytau@emer.kz.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Кадр қызметіне қолма-қол тәртіпте құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімдерінде қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып, құжаттар тігетін мұқабатыста орналастырылған мынадай құжаттарды тапсырады:
1) өкілетті органнан белгіленген нысанды өтiнiш;
2) өкілетті органнан белгіленген нысанды сауалнаманы;
3) өкілетті органнан белгіленген нысанды кадр есебi бойынша толтырылған жеке iс парағын;
4) өкілетті органнан белгіленген нысан бойынша өз қолымен жазылған және басылған түрде толық толтырылған өмірбаяны;
5) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
6) еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (болған кезде);
7) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (қолда бар болса);
8) кандидаттың соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе әскери қызметін өтеген әскери бөлімнен мінездемені;
9) 3,5х4,5см өлшемдегі 6 (алты) фотосуретті;
10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
11) біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы, спорттық жетістіктерін дәлелдейтін құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқаларының көшірмелерін) (болған кезде) тапсырады.
12) өзіне және жұбайынызға 2 дана салықты тапсыру туралы анықтамасы
Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
C-SV-13, C-SV-12 санаттары үшін, бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурстың өту тәртібі:
Іріктеуден сәтті өткен жағдайда үміткерлер ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы АҚА Астана қаласының оқу орталығына алғашқы және кәсіби дайындықтан өту үшін жіберіледі.