Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің бос лауазымға орналасу үшін кәсіптік даярлауға іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды
Іріктеуге қатысу үшін барлық қатысушыларға қойылатын жалпыбіліктілік талаптары C-SV-12, C-SV-13, санаты үшін: білімі орта, арнайы орта, жоғары, жасы отыз бес жастан аспаған, Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындық өткендер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.
Іріктеу өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті кадр және тәрбие жұмыстары басқармасына қажетті құжаттарды тапсырған Қазақстан Республикасының азаматы конкурсқа қатысушы болып табылады.
Азаматтық қорғау органы қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы:
|
Санаты |
Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты |
|
|
min |
max |
|
|
C-SV-13 |
189 281 |
232 792 |
Өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкер - 3 бірлік (C-SV-13 дәрежесі): Ұлытау облысының Жезқазған қаласы;
Өрт сөндіру автомобильдерінің аға жүргізуші-қызметкер - 1 бірлік (C-SV-12 дәрежесі): Ұлытау облысының Сәтбаев қаласы;
Өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкер - 2 бірлік (C-SV-13 дәрежесі): Ұлытау облысының Сәтбаев қаласы;
Өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкер - 2 бірлік (C-SV-13 дәрежесі): Ұлытау облысының Қаражал қаласы Жәйрем кенті;
Өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкер - 1 бірлік (C-SV-13 дәрежесі): Ұлытау облысының Ұлытау ауданы;
Функционалдық міндеттері: (өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері -( C-SV-12, C-SV-13) дәрежесі қарауылдық қызметке қатысу, өртті сөндіруге қатысу, адамдар мен заттарды құтқару бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын өткізу, міндеттері - 101 және 112 жолдарға жауап береді.
Конкурсқа қатысушыға талаптар: білімі орта, арнайы-орта, жоғары. Жасы отыз бес жастан аспаған, Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындық өткендер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.
Конкурс 2026 жылдың 03 тамыз айынан бастап 2026 жылдың 14 тамызына дейін Жезқазған қаласы Тарадая 6 көшесі, Төтенше жағдайлар департаментінде өткізіледі және де құжаттарды жұмысқа орналасу үшін осы мекен жайға тапсырылады. .
C-SV-12, C-SV-13, санаттары үшін, бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурстың өту тәртібі:
Іріктеуден сәтті өткен жағдайда үміткерлер алғашқы және кәсіби дайындыққа қатысу үшін ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы АҚА Астана қаласының оқу орталығына кезеңнен өту үшін жіберіледі.