Байыров Есен Әлмұханбетұлы 1974 жылы 22 сәуірде Жезқазған облысы, Ағадыр ауданында дүниеге келген.
2005 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін,
2011 жылы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын тәмамдаған. Білімі бойынша — өрт қауіпсіздігі инженері.
Құқық қорғау органдарында 1998 жылдың тамыз айынан бастап қызмет атқарады, қызметтік жолын Астана қаласындағы мемлекеттік өртке қарсы қызметтің №19 өрт сөндіру бөлімінің кіші инспекторы лауазымынан бастаған. Қызмет атқару барысында әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.
2020 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.
2022 жылғы 28 шілдеден бастап Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.