GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Департамент туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
23 октября 2026
Түркістан облысы ТЖД-де Республика күніне орай салтанатты іс-шара өтті

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде 25 қазан – Республика күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Мерекелік жиында ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою бағытында аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлердің еңбегі атап өтілді.

Іс-шара барысында бірқатар азаматқа Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің төсбелгілері табысталып, облыс әкімінің және Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының алғыс хаттары берілді.

Марапаттар қызметтік міндеттерін адал атқарып, кәсіби біліктілігімен, жауапкершілігімен және ел игілігі жолындағы еңбегімен ерекшеленген қызметкерлерге табысталды.

Республика күні – еліміздің тәуелсіздігін, ұлттық бірлігін және мемлекеттілігін дәріптейтін маңызды мереке. Бұл күн Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, ел игілігі үшін қызмет етудің маңызын айқындайды.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы марапат иелерін құттықтап, қызметтеріне табыс, отбасыларына амандық және елімізге тыныштық тілейді!

23 октября 2026
Түркістан облысында тұрмыстық газ баллондарын қауіпсіз пайдалану мәселелері талқыланды

«Атамекен» палатасында өткен жиында кәсіпкерлерге газ баллондарын қолдану ережелері мен жаңа заң талаптары түсіндірілді.

Түркістан облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы «Atameken» Кәсіпкерлік палатасының алаңында тұрмыстық газ баллондарын қауіпсіз пайдалану, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында жиналыс ұйымдастырды.

Кездесу барысында тұрмыстық газ баллондарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, қолданыс мерзімі өткен және техникалық ақауы бар баллондарды қолдануға жол бермеу, сондай-ақ оларды уақтылы техникалық куәландырудан өткізу мәселелері жіті қаралды.

Сонымен қатар, нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріліп, қолданыстағы заңнама талаптары, оның ішінде автомобильдік газ құю станцияларының қызметін реттейтін жаңа нормалар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жиналыс қорытындысы бойынша белгіленген қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз сақтау, кәсіпкерлік субъектілерінің жауапкершілігін арттыру және тұрмыстық газ баллондарын пайдалану кезінде туындайтын авариялық жағдайлардың алдын алу шараларын күшейту қажеттігі атап өтілді.

ТЖ профилактикасы
23 октября 2026
Түркістан облысында өндірістік қауіпсіздікке бақылау күшейтіледі

ТЖД мен «QazaqGaz Aimaq» филиалы қауіпті газдағы нысандарда апаттардың алдын алу мақсатында «Пергам» көлігін бірлесіп қолдану меморандумына қол қойды.

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан филиалы арасында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжаттың басты мақсаты – өңір аумағындағы газ саласының қауіпті өндірістік объектілерінде профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру кезінде «ПЕРГАМ» арнайы автокөлігін тиімді пайдалану. Бұл заманауи техника төтенше жағдайлардың алдын алып, ықтимал апаттардың қаупін ерте анықтауға мүмкіндік береді.

Бірлескен жұмыс өңірдегі қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттырып, тұрғындардың әл-ауқатын қорғауға бағытталған шараларды күшейтеді.

22 октября 2026
Құтқарушылар күніне орай офицерлер арасында кіші футболдан жарыс өтті

19 қазан – құтқарушылар күніне орай түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің офицерлік құрамы арасында кіші футболдан жарыс ұйымдастырылды.

Спорттық іс-шараның басты мақсаты – қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру дайындығын жетілдіру, командалық рухты нығайту және әріптестер арасындағы ауызбіршілікті арттыру.

Жарыс барысында командалар өзара бақ сынап, спорттық шеберліктері мен жеңіске деген жігерлерін көрсетті. Ойын тартысты өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Мұндай спорттық шаралар қызметкерлердің денсаулығын нығайтып қана қоймай, ұжымдық бірлікті арттыруға және қызметтен тыс уақытта өзара байланысты бекемдеуге ықпал етеді.

21 октября 2026
Ордабасы ауданында "Ауыл құтқарушылары" қызметкерлері кәсіби мерекемен марапатталды

Төтенше жағдайлар бөлімінің басшылығы Бөген және Қараспан елді мекендеріндегі ауыл құтқарушыларды құттықтады.

19 қазан – Құтқарушылар күніне орай Ордабасы ауданында өткен кездесуде аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Жомарт Қоспанов Бөген және Қараспан ауылдарындағы құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Салтанатты шара барысында өздеріне жүктелген міндеттерді мінсіз атқарып, халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып жүрген бірқатар мамандарға құрмет грамоталары табысталды. Бөген және Қараспан ауылдарының ауыл құтқарушылары өңірдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жұмыстарында әрдайым жеделдік танытып келеді.

Кездесу соңында аудандық ТЖБ басшылығы құтқарушыларға ел тыныштығын сақтаудағы жауапты қызметтеріне толағай табыс, отбасыларына амандық пен берік бірлік тіледі. Өз кезегінде марапатталған қызметкерлер көрсетілген құрмет үшін алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да халықтың қауіпсіздігі үшін бар күш-жігерін салатындарын жеткізді.

20 октября 2026
Кентау қаласында құтқарушылар марапатталды

Қала әкімі азаматтық қорғау қызметкерлерін марапаттап, олардың ерлігіне алғыс білдірді.

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов азаматтық қорғау саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

Құттықтау сөзінде қала әкімі құтқарушылардың адам өмірін сақтап қалудағы маңызын атап өтіп, олардың батылдығы мен кәсібилігіне тоқталды. Сондай-ақ қызметтік міндеттерін адал атқарып, сала жұмысына үлес қосқаны үшін 2 қызметкер облыс әкімінің және 5 қызметкер қала әкімінің алғыс хаттарымен, «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен 5 қызметкер марапатталды. Сонымен қатар Ауыл құтқарушылары бекетінің 4 қызметкері қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Мерекелік жиынға Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов, қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Үсен Рахмет және қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Құтқарушылардың күнделікті қызметі – үлкен жауапкершілікті, табандылық пен батылдықты талап ететін абыройлы міндет. Олардың еңбегі қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде айрықша маңызға ие.

20 октября 2026
Ордабасы ауданының құтқарушылары марапатталды

Аудан әкімі Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

19 қазан – Құтқарушылар күніне орай Ордабасы ауданының әкімі Азат Әбдіғалиұлы Оралбаев Ордабасы ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Мерекелік құттықтау барысында аудан әкімі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген құтқарушыларға алғысын білдіріп, олардың жауапты да абыройлы қызметтеріне табыс тіледі. Сонымен қатар, бірқатар қызметкерге еңбегі мен қызметтік міндеттерін жоғары деңгейде атқарғаны үшін грамоталар табыстады.

Құтқарушы – қиын сәтте көмекке келіп, адам өмірін сақтап қалуды басты міндеті санайтын ержүрек маман. Олардың еңбегі әрдайым құрметке лайық.

Барша құтқарушыларға мықты денсаулық, отбасыларына амандық, қызметтеріне сәттілік және әрдайым абырой биігінен көрінулерін тілейміз! Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті құтқарушылар!

Мерекелік шара соңында құтқарушылардың қажырлы еңбегі ерекше аталып өтіліп, олардың қоғам тыныштығын сақтаудағы рөлі тағы бір мәрте айшықталды. Бұл марапат – әрбір қызметкердің адал еңбегіне берілген лайықты баға.

20 октября 2026
Жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қорғанысқа дайындығы тексерілді

Азаматтық қорғаныс комитеті Түркістан облысында жоспарлау құжаттарын, эвакуациялық пункттерді және қорғау күштерін тексерді.

Өңірдің азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыруға және орындауға дайындығын бағалау мақсатында Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Түркістан облысының жергілікті атқарушы органына тексеру жүргізді.

Тексеру барысында азаматтық қорғаныс бойынша жоспарлау құжаттары қаралып, көзделген іс-шараларды ұйымдастыру сапасы бағаланды. Әкімнің басқару пункттерінің дайындығына және басқарудың тұрақтылығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылып, эвакуациялық пункттердің жай-күйі мен халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар тексерілді.

Сондай-ақ азаматтық қорғау күштерін, оның ішінде ұйымдастырушылық дайындықты бағалау үшін шұғыл ден қою жасақтарын байқау жүзеге асырылды.

Тексеру қорытындысы бойынша заңнама талаптарын бұзудың 26 дерегі анықталып, бақылау субъектісіне кемшіліктерді жою мерзімдері көрсетілген қорытынды берілді.

19 октября 2026
19 ҚАЗАН – ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

Түркістанда Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Түркістанда облысында  Құтқарушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шараға облыс әкімі Көшеров Нұралхан Оралбайұлы арнайы қатысып, төтенше жағдайлар саласының ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға алғыс білдірді.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз «Құтқарушылар күнімен» құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Егемендіктің қадір-қасиеті – жердің тұтастығы мен елдің тыныштығында» деген болатын. Сіздер – әрбір қиын сәтте елге бірінші болып көмекке келіп, бастарыңызды өзгелердің өмірі үшін қатерге тігіп жүрсіздер! Бұл ерліктеріңіз бен қызметке адалдықтарыңыз – халқымыздың амандығының басты кепілі. Мемлекет тарапынан төтенше жағдайлар саласына айырықша көңіл бөлінуде. 

Атап айтқанда, облыс әкімдігінің қолдауымен жалпы құны 1 миллиард 612 миллион 400 мың теңге және 4 миллиард 445 миллион 915 мың 645 теңге көлеміндегі қаржы қарастырылып, екі өрт сөндіру бөлімін ашу бағытында жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, өңірдің өрт сөндіру қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 36 өрт сөндіру автокөлігі сатып алынды.

Ауылдық елді мекендердегі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 16 «Ауыл құтқарушысы» өрт сөндіру бекеті ашылды. Сондай-ақ Ораңғай ауылында және Төлеби ауданында өрт сөндіру бөлімдері іске қосылып, халыққа жедел көмек көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді.

Бұл мемлекеттің Сіздерге деген қолдауы мен сенімі. Бүгінгі күн – бейбіт күннің батырларын еске алып, ерлігін ұлықтайтын күн. Мереке құтты болсын! – деген Көшеров Нұралхан Оралбайұлы еңбегімен дараланған төтенше жағдай қызметкерлерін марапаттады.

Бүгінде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде 1600-ден астам қызметкер еңбек етіп, тұрғындардың қауіпсіздігі мен амандығы жолында тәулік бойы тынымсыз қызмет атқарып келеді. Құтқарушылар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адам өмірін қорғау бағытында жоғары жауапкершілікпен еңбек етіп жүр. 

Іс-шара барысында қызметтік борышын адал атқарып, кәсібіне беріктігімен ерекшеленген бірқатар қызметкерлер мен ардагерлерге Төтенше жағдайлар министірі Мұханов Мұрат Сейтмолдаұлы және облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің алғыс хаттары мен төсбелгілері табысталды.

 Құтқарушылар күніне арналған мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Кадр саясаты
19 октября 2026
Түркістан облысында «Құтқарушылар аллеясы» ашылды

  Түркістан қаласында Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері мен қала тұрғындарының қатысуымен «Құтқарушылар аллеясының» салтанатты ашылу рәсімі өтті.

  Салтанатты рәсім барысында құтқарушыларға алғыс айтылып, олардың еңбегі ерекше атап өтілді. Департамент басшылығы «Құтқарушылар аллеясы» естелік пен құрметтің символы екенін жеткізді. Бұл – қалалық инфрақұрылымның бір бөлігі әрі өмірін қоғамға қызмет етуге арнаған жандардың есімін ұлықтайтын орын. Аллеяның ортасында өрт сөндіруші мен құтқарушыға арналған ескерткіш орнатылған.

  Аллея күн сайын өз өмірін қатерге тігіп, өзгелерді құтқаруға асығатын жандарға деген құрметтің символына айналды. Ол өзгенің өмірін сақтау жолында қаза тапқан құтқарушыларға деген алғыс пен ризашылықты білдіреді. Олардың еңбегі қоғам үшін аса маңызды. Құтқарушылар күн сайын өртпен күресіп, табиғи апаттардың салдарын жояды, адамдарды эвакуациялап, алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Аллея олардың қызметіндегі әрбір сәттің маңызын және батылдығы мен жанқиярлығының арқасында қаншама адамның өмірі сақталғанын еске салып тұрады.

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы