Меню

Страницы

Статья

Үгіт насихат жұмыстары

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 29 қыркүйектегі «Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасын мақұлдау туралы» № 762 Жарлығына сәйкес, қалалық сәулеті ескі құрылыстардың сыртқы келбетін қалыптастырып қана қоймай, тарихи құрылыстың тұтастығын сақтай отырып, заманауи сәулетті үйлесімділік қамтылуы тиіс.

Осыған орай, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, облыс аумағындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруға міндеттелген Түркістан облысының Төтенше жағдайлар Департаментімен, болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, тиісті өрт қауіпсіздігі шараларын қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан қаласында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқан «Керуен сарай» кешенінің құрылыс жұмыстарын жүзеге асырып жатқан жұмыскерлеріне құрылыс аумақтарындағы өрт ережелерін ұстау тәртібіне түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл ретте, шамамен 150-ге жуық құрылысшыға құрылыстарды салу кезінде құрылыстың барлық кезеңінде өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар көзделетіндігі жеткізіліп, құрылысшыларға «Өрт қауіпсіздігін сақтау» және «Улы газдан уланудың алдын алу» тақырыптарында жадынамалар таратылды.

Түркістан облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы Техникалық нормалау тобының бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Сауран Досанұлы

Дата публикации
12 ноября 2020
Дата обновления
12 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Жедел ақпарат
30 апреля 2021
Дауылды ескерту
Жедел ақпарат
22 апреля 2021
Дауылды ескерту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы