Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімдерінің бос лауазымдарына лауазымдарына іріктеу жүргізетіндігін хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімдерінің бос лауазымдарына лауазымдарына іріктеу жүргізетіндігін хабарлайды. 

 

Алғашқы құжаттарды қарап-қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 14-27 сәуір күндері аралығы.

 

Лауазымы: өрт сөндіру автокөліктерін жүргізуші-қызметкері (C-SV-13) – 5 бірлік, оның ішінде: Сауран ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің №41 өрт сөндіру бөлімі – 1 бірлік,  Бәйдібек ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің №10 өрт сөндіру бөлімі – 1 бірлік, Кентау қаласы төтенше жағдайлар бөлімінің №12 өрт сөндіру бөлімі – 1 бірлік, Төлеби ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің №5 өрт сөндіру бөлімі – 1 бірлік, Төлеби ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің №32 өрт сөндіру бекеті – 1 бірлік.

Қойылатын талаптар: орта білім, орта арнайы, техникалық және кәсіптік, орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін орта білімнен кейінгі білім. Жасы 18 жастан 35 жасқа дейін, «В,С жаңа үлгі бойынша В, С, В1, С1» санаты бар жүргізуші куәлігі бар азаматтар қабылданады.

Лауазымдық нұсқаулықтары: Өрт сөндіру машиналарының жүргізушісіне мынадай міндеттер жүктеледі: бөлімнің шығу ауданын, өту жолдарын, бөлімнің шығу ауданында су көздерінің орналасуын білу; тактикалық-техникалық сипаттамаларды, құрылғылардың мақсатын, өрт сөндіру автомобильдері мен басқа да өрт және авариялық-құтқару техникасының жұмыс істеу принципін, жұмысын және қызмет көрсету тәртібін білу; барлық арнайы агрегаттар мен механизмдерде, сондай-ақ автомобильдерде орнатылған радиостанцияларда жұмыс істей білу; өрт сөндіру автомобильдерін қызмет өткеру, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария қағидаларын сақтау; автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуді техникалық жай-күйін тексеру, сапалы, уақтылы орындау; сақтау қағидаларын және оларды қолдану тәртібін сақтау; гараж жабдығын пайдалану қағидаларын сақтау, өрт сөндіру автомобильдерін пайдалану бойынша негізгі пайдалану-техникалық құжаттарды ресімдеу.

Лауазымы: радиотелефонист (C-SV-13) – 2 бірлік, оның ішінде: Сауран ауданы төтенше жағдайлар бөлімі №41 өрт сөндіру бөлімі – 1 бірлік,  Бәйдібек ауданы төтенше жағдайлар бөлімі №10 өрт сөндіру бөлімі – 1 бірлік.

Лауазымдық нұсқаулықтары: бекітілген байланыс техникалық құралдарының жұмыс істеуін білуге және әрдайым тексеріп отыруға, кезекшілік барысында оларды таза және ақаусыз ұстау. Бөлімнің шығу ауданын білу және тіршілікті қамтамасыз ететін қызметтермен әрдайым байланыс ұстап отыру.

Қойылатын талаптар: орта білім, орта арнайы, техникалық және кәсіптік, орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін орта білімнен кейінгі білім. Жасы 18 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтар қабылданады.

Шектеулер: Қызметкер құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулерді және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаудан бас тартқан;

    Құқық қорғау қызметіне тұрар алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

    Құқық қорғау қызметіне тұрғанға дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

         Қызметке тұрғанға дейін өзіне қатысты үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке орналасқанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;

    Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

    Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жұмыстан шығарылған;

         Бұрын сотталған не қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған адам қабылданбайды.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі:

1) нысан бойынша бос лауазымға орналасуға арналған іріктеуге қатысуға өтініш (кадр бөлімінде толтырылады);

2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі;

3) білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ «Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №23626 болып тіркелген)   1-қосымшадағы Білім туралы құжаттарды тану қағидаларына сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттардың түпнұсқасы;

4) нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаян (кадр бөлімінде толтырылады);

5) әскери билет немесе тіркеу куәлігі (түпнұсқа);

6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);

7) 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреттер (8 дана), 9х12 көлеміндегі фотосурет (1 дана) ақ фонда;

8) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынғанын растайтын құжаттар;

9) нысан бойынша кандидаттың сауалнамасы (кадр бөлімінде толтырылады);

10) нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы (кадр бөлімінде толтырылады).

 

Құжаттарды қабылдау орны: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, «Жаңа қала» ықшам ауданы, 13-көше, 23-құрылыс, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті сағатпен 10:00-ден 18:30-ға дейін, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) ҚР-ның мерекелік күндерінен басқа күндері қабылданады..

 

Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

 

 

Дата публикации
14 апреля 2026