Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімдерінің өрт сөндіруші-құтқарушысы лауазымына іріктеу жүргізетіндігін хабарлайды.
Алғашқы құжаттарды қарау мерзімі: 2025 жылғы 24 желтоқсан мен 2026 жылғы 05 қаңтар аралығы.
Лауазымы: өрт сөндіруші-құтқарушы (C-SV-13) – 6 бірлік, оның ішінде: Сауран ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің №24 өрт сөндіру бөлімі – 1 бірлік, Созақ ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің №11 өрт сөндіру бөлімі – 1 бірлік, Созақ ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің №26 өрт сөндіру бекеті – 1 бірлік, Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының №39 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі – 3 бірлік.
Лауазымдық нұсқаулықтары: өрттерден, авариялардан және басқада төтенше жағдайлардан, халықты, адам өмірі мен материалдық құндылықтарды, тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарды қорғау.
Қойылатын талаптар: орта білім, орта арнайы, техникалық және кәсіптік, орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін орта білімнен кейінгі білім. Жасы он сегізге толған, бірақ отыз бес жастан аспаған, тиісті бiлiмi бар және әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери дайындықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.
Шектеулер: «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2 тармағына сәйкес шектеулері бар тұлғалар, сонымен қатар, қызметкердің құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулер (17-бап) мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді (12-бап) қабылдаудан бас тартқан тұлғалар құқық қорғау қызметіне қабылданбайды.
Құжаттарды қабылдау орны: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, «Жаңа қала» ықшам ауданы, 13-көше, 23-құрылыс, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті, 317 кабинет.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі:
1) нысан бойынша бос лауазымға орналасуға арналған іріктеуге қатысуға өтініш (кадр бөлімінде толтырылады);
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі;
3) білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ «Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №23626 болып тіркелген) 1-қосымшадағы Білім туралы құжаттарды тану қағидаларына сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттардың түпнұсқасы;
4) нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаян (кадр бөлімінде толтырылады);
5) әскери билет немесе тіркеу куәлігі (түпнұсқа);
6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);
7) 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреттер (8 дана), 9х12 көлеміндегі фотосурет (1 дана) ақ фонда;
8) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынғанын растайтын құжаттар;
9) нысан бойынша кандидаттың сауалнамасы (кадр бөлімінде толтырылады);
10) нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы (кадр бөлімінде толтырылады).
Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.