ТЖМ республикалық бюджеті бойынша 2025 жылға арналған анықтама (республикалық бюджеттің жобасы)

ТЖМ республикалық бюджеті бойынша 2025 жылға арналған анықтама (республикалық бюджеттің бекітілген көрсеткіштері)

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2025 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет көлемі 214 млрд 429,3 млн теңге құрайды.

2025 жылғы бюджет шығыстарының негізгі үлесі бағытталған:

  • ТЖМ-нің 31 ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің қызметін ұстауға және қамтамасыз етуге, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға 188 млрд 517,3 млн теңге қолдау көрсетілді;
  • материалдық-техникалық жарақтандыруға 18 млрд 694,2 млн теңге (Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы - ҚБПҮ);
  • 10 Бюджеттік инвестициялық жобалар іске асыруға 5 млрд 219,4 млн теңге қарастырылған (жалғасатын объектілер, оның ішінде: 1. Қорғас-2 «Алматы облысы Панфилов ауданында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы (ШЫХО), «Қорғас –Шығыс қақпасы» шекара маңы сауда-экономикалық аймағы (ШСЭА), Басқыншы, Қорғас кенттері және шекара маңы бекеті учаскелерінде Қорғас өзені бойынша арна қалыптастыру және қорғау құрылыстары». Түзету; 2. «Суда құтқару станциясының құрылысы» (түзету) мекенжайы бойынша: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Бурабай көлінің жағасы; 3. «Ақмола облысы, Бурабай ауданы, «МҰТП Бурабай» ММ, Боровское орман шаруашылығы, 109 квартал, 3 учаске, Үлкен Чебачье көлдері мекенжайы бойынша «Үлкен Чебачье көлінің жағасында суда құтқару станциясының құрылысы (түзету)»; 4. СҚО Қызылжар өңіріндегі Пестрое көлінің жағасында Жедел-құтқару жасағының кешенін жеке жобаға сәйкес IВ және IIIA климаттық қалыпты аймақтары бар климаттық аймақтар үшін салу. Сметалық хаттаманы түзету; 5. Түркістан қаласы, Кентау трассасы, 048-орам мекенжайында сейсмикалық белсенділігі 7 балл IVА IVГ климаттық кіші аудандары үшін ІІ типті 4 автомобильге арналған өрт сөндіру депосы кешенін салу; 6. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының «Береке» ықшам ауданында 4 автомобильге арналған өрт сөндіру депосы кешенін салу. Сметалық құжаттаманы түзету; 7. Жезқазған қаласында геологиялық жағдайлары қалыпты ІВ және ІІІА климаттық кіші аудандары үшін ІІ типті 4 автомобильге арналған өрт сөндіру депосы кешенін салу. Сметалық құжаттаманы түзету; 8. «Сәтпаев қаласында геологиялық жағдайлары қалыпты IВ және IIIА климаттық кіші аудандары үшін ІІ типті 4 автомобильге арналған өрт сөндіру депосы кешенін салу». Сметалық құжаттаманы түзету; 9. Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылында «Әдеттегі геологиялық жағдайлары бар ІВ, ІІІА климаттық шағын аудандар үшін V үлгідегі 2 автомобильге арналған өрт депо кешенінің» құрылысына» үлгілік жобаны байланыстыру бойынша ЖСҚ мемлекеттік сараптамасынан өту; 10. «Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің әкімшілік ғимаратына 3 қабатты қосымша құрылыс салу» ЖСҚ мемлекеттік сараптамасынан өту);
  • нысаналы трансферттерге 1 млрд теңге қарастырылған («Атырау облысы Махамбет ауданы Махамбет ауылындағы Орал өзенінің ұзындығы 4,5 км жағалауды нығайту жұмыстары»; «Атырау облысы Махамбет ауданы Алға ауылындағы Жайық өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары»);
  • сейсмологиялық ақпарат мониторингіне 998,4 млн. теңге

_____________________________________

Дата публикации
26 июня 2025