Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау қызметкерлерінің бос лауазымына іріктеу жүргізетіндігін хабарлайды.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 19 наурыз 04 сәуір күндері аралығы.
Құжаттарды қабылдау орны: Түркістан облысы, Түркістан қаласы 13 көше, 23 құрлыс, Түркістан облысы ТЖД 317 кабинет.
Лауазым: Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының инспекторы (C-SVO-9) – 1 бірлік.
Лауазымдық нұсқаулықтары: Кадр қызметіне талдау жасауды, оның тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуді, оларды іске асыру бойынша шаралар қабылдауды. мәдени және рухани деңгейін көтеру, төтенше жағдайлар бөлімшелерінің беделі мен мәртебесін арттыру мәселелері бойынша шығармашылық одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру. Қызметкерлерді эстетикалық тәрбиелеу және департаментте мәдени-ағарту жұмысын өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру сонымен қатар еңбек және қызметтік тәртіпті, күн тәртібін сақтауына бақылауды жүзеге асыру. Кадр жұмысы жағдайына оның ішінде тәртіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмысына тексеру жүргізу. Әскери қызметшілер мен азаматтық қорғау қызметкерлерінің және мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жеке істерін жүргізу.
Қойылатын талаптар: Бекітілген квалификациялық талаптарға сәйкес жоғары білім, құқық қорғау органдарына қызметке отыз бес жастан аспаған, тиісті бiлiмi бар және әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери дайындықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады. Құқық органдарында жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шектеулер:
1) заңмен белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған;
2) құқық қорғау қызметіне тұрар алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
3) құқық қорғау қызметіне тұрғанға дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
4) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жұмыстан шығарылған;
6) бұрын сотталған не қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған адам қабылданбайды.
Кандидат мынадай құжаттарды кадр қызметтеріне қолма-қол ұсынады немесе Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы тапсырады:
1) өтініш;
2) жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың немесе оның электрондық нысанының көшірмесін;
3) білім туралы құжаттардың көшірмелері
4) жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаян;
5) әскери билет немесе тіркеу куәлігі, немесе әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаны туралы сертификат (бар болса);
6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);
7) 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреттер (6 дана);
8) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынғанын растайтын құжаттар;
9) сауалнама;
10) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
11) спорттық разрядтың бар екендігін растайтын құжаттар (бар болған жағдайда).
Дұрыс емес ақпарат пен (немесе) құжаттардың толық емес пакетін ұсыну оларды қараудан бас тартуға негіз болып табылады.