Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімінің бастығы лауазымына іріктеу жүргізетіндігін хабарлайды.

 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімінің бастығы лауазымына іріктеу жүргізетіндігін хабарлайды. 

 

Алғашқы құжаттарды қарау мерзімі: 2024 жылғы 08 - 14 қаңтар күндері аралығы.

Лауазымы: Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімінің бастығы (SVО-4) – 1 бірлік.

Лауазымдық нұсқаулықтары: Департаментте ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс саласында бірыңғай техникалық саясатты жүзеге асыру. Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс желісі бойынша техникалық ерекшеліктерді әзірлейді және келіседі. Ақпараттандыру және байланыс жүйелерін дамытуды, оларды бейбіт және соғыс уақытында пайдалануға әзірлікте ұстауды жүзеге асырады. Департаментте ақпараттандыру және байланыс құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. ТЖ қаупі және туындауы кезінде, сондай-ақ күнделікті қызмет режимінде Департаменттің күштері мен құралдарын басқару үшін байланысты ұйымдастыру бойынша іс-шараларға қатысады. Департаментте ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім.

Құжаттарды қабылдау орны: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, «Жаңа қала» ықшам ауданы, 13-көше, 23-құрылыс, 317 кабинет.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі:

      1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) кадр қызметі растаған қызметтік тізім (еркін нысанда);

      3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;

      5) тиісті құқық қорғау органының уәкілетті қызметі куәландырған жұмыстағы негізгі көрсеткіштерді және шынайы жетістіктерді айқындайтын қызметтік жұмыс нәтижелерімен бірге қызметкердің қызметтік мінездемесі (еркін нысанда);

      6) тиісті құқық қорғау органының кадр қызметі растаған, басшылық құрам қатарынан қызметкерлердің ұсынымдары (еркін нысанда);

      7) құқық қорғау органының кадр қызметі растаған тәртіптік жазаларының болуы немесе болмауы туралы анықтама (еркін нысанда);

      8) тиісті құқық қорғау органының уәкілетті қызметі растаған кәсіби даярлығының деңгейін жыл сайын қорытынды тексеру анықтамасы (еркін нысанда);

      9) құқық қорғау органының кадр қызметі растаған құқық қорғау органы қызметкерінің бәсекеге қабілеттігін бағалау парағы (болған жағдайда);

      10) құқық қорғау органының кадр қызметі растаған құқық қорғау органы қызметкерінің тиімділігін бағалау парағы (болған жағдайда);

      11) құқық қорғау органының кадр қызметі басшысы растаған кадр резервіне қою туралы бұйрықтан үзінді (бар болған жағдайда) қоса беріледі.

 

Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Дата публикации
09 января 2025