«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі Түркістан қаласына өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері лауазымдарына іріктеу жүргізетіндігін хабарлайды.  

Алғашқы құжаттарды қарау мерзімі: 2024 жылғы 18 – 28 маусым аралығы күндері.

Лауазым: өрт сөндіру автокөліктерін жүргізуші-қызметкер

Қойылатын талаптар: орта білім, орта арнайы, техникалық және кәсіптік, орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін орта білімнен кейінгі білім. Жасы он сегізге толған, бірақ отыз бес жастан аспаған, тиісті бiлiмi бар және әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери дайындықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады. «В», «С» дәрежелі жүргізуші куәлігінің болуы тиіс.

Дата публикации
19 июня 2024