«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі Түркістан қаласына радиотелефонист лауазымына іріктеу жүргізетіндігін хабарлайды.

Алғашқы құжаттарды қарау мерзімі: 2024 жылғы 10 – 14 сәуір аралығы күндері.

 Лауазым: диспетчер және радиотелефонист

Лауазымдық нұсқаулықтары: бекітілген байланыс техникалық  құралдарының жұмыс істеуін білуге және әрдайым тексеріп отыруға, кезекшілік барысында оларды таза және ақаусыз ұстау. Бөлімнің шығу ауданын білу және тіршілікті қамтамасыз ететін қызметтермен әрдайым байланыс ұстап отыру.

Шектеулер: «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2 тармағына сәйкес шектеулері бар тұлғалар, сонымен қатар, қызметкердің құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулер (17-бап) мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді (12-бап) қабылдаудан бас тартқан тұлғалар құқық қорғау қызметіне қабылданбайды.

Құжаттарды қабылдау орны: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, «Жаңа қала» ықшам ауданы, 13-көше, 23-құрылыс, «Түркістан облысы Төтенше жадайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, 317 кабинет.

    Жалпы іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі:

1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі;

2) білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ «Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №23626 болып тіркелген)   1-қосымшадағы Білім туралы құжаттарды тану қағидаларына сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттардың түпнұсқасы;

3) әскери билет немесе тіркеу куәлігі (түпнұсқа);

4) 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреттер (2 дана) ақ фонда;

Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

яется основанием для отказа в их рассмотрении.

Дата публикации
10 апреля 2024