Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті

Жалпы конкурс

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті

 

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымы санатына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

 

Санаты

Еңбек сінірген жылдарына байланысты

min

maх

С-О-5

206734

245028

 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті

(индекс 161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа Қала шағын ауданы 13 көше,  құрылыс 23. 106 кабинет. Тел., факс: 8(72533) 5-83-00., электрондық пошта: ok_dchs_turk@emer.kz)

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

 

  1. Ақпараттық-аналитикалық тобының бас маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері: Министрлікке, мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға топтың құзыреті шегінде кестелерге, сұраныстарға, тапсырмаларға сәйкес шолу-аналитикалық мәліметтерін дайындауды қамтамасыз ету; ақпараттық материалдарды инфо-графика нысанында дайындауды жүзеге асыру үшін Департаменттің интернет ресурсында орналастыру; Департаменттің құрылымдық және ведомстволық бағынысты мекемелері  қызметінің тиімділігіне талдау жүргізу; Министрліктің қызметін қорытындылау Алқа отырыстарына, Ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясына, Департаменттің басшы құрамымен қорытынды жиналыстарына, топтың құзыреті шегінде Департамент бастығына баяндама дайындауды қамтамасыз ету; Департаменттің  құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің қызметтері Азаматтық қорғаудың Мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеу бағытында аналитикалық мәліметтерімен Деректер қорын сапалы толтыруды бақылау жүргізу; Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға қарсы инфрақұрылымның жай-күйі туралы, Түркістан облысының аудандары мен қалаларындағы өзекті мәселері бойынша Министрлікке, Департамент басшысына ақпарат дайындауды қамтамасыз ету; Ақпараттық-аналитикалық қызметті жетілдіру. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: Техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар), құқық, білім (математика, информатика, орыс тiлi мен әдебиетi), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы мамандықтары.

Кәсіби құзыреттілігі: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Дата публикации
27 июля 2023