Хабарландыру
2020 жылғы 10 шілде күні сағат 11:00-де Түркістан облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бос лауазымдық орындарға конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өтеді (өткізілетін орын: Түркістан облысы, Түркістан қаласы 037 квартал, 3685 құрлыс, Департаменттер үйі, тел., факс 8(72533) 5-83-00).
Әңгімелесуге кіретін үміткерлердің киім үлгісі классикалық (ерлерге – ашық, бір түсті көйлек, қара немесе қою көк түсті шалбар, әйелдерге – классикалық, біркелкі жылы түсті классикалық көйлек немесе ақ жейде және қара белдемше) болуы және жеке куәліктері міндетті түрде болуы тиіс.
Түркістан облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ кадр саясаты бөлімі