|
|
2021 жылғы көктемгі-жазғы кезеңге
Төтенше жағдайлардың мониторингі және болжамы
(талдамалық ақпарат)
Кіріспе: Төтенше жағдайларды болжау – төтенше жағдайдың туындау себептерін талдау негізінде оның өткен және қазіргі кездегі туындау және даму ықтималдығының озық көрінісі.
Көктемгі-жазғы кезеңге болжам өткен жылдардың ұқсас кезендерінде орын алған төтенше жағдайлар статистикасын ескере отырып жүргізілді.
Жалпы ақпарат.
Түркістан облысы республиканың оңтүстігінде орналасқан және шығысында - Жамбыл, солтүстігінде - Қарағанды, батысында - Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде - Шымкент қаласымен және Өзбекстан Республикасымен шекараласады.
Ауа райы күрт континенталды, ортажылдық ылғалдылығы 56 пайыз және желдің жылдамдылығы 1,5 м/с, қысы жұмсақ, қысқа, жылылық жиі қайталанып тұрады, жазы ыстық, ұзаққа созылады.
Көктем айы жылдық күнтізбедегі көктем айымен сай келеді. Мамыр айының ортасында жазғы ауа-райы орнайды, бұлтты күндер қысқарып, өзендер мен көлдер тартылып, өздерінің жазғы арналарына келеді.
Жаз айы 3 айдан асады, орташа температура 27 градусты құрайды, 30-40 градустық ыстықтар да кем емес, алайда таулы аймақтардың жақындығы мен жазғы салқын желдердің салдарынан бұлттар пайда болып жауынды күндерде кездеседі.
Көктем мезгілі - 3,5 айға, жаз мезгілі - 3,5 айға созылады.
Ең жоғары температура: көктемде +25+35°С, жазда +40+45°С.
Ең төмен температура: көктемде -5-9°С, жазда +8+10°С.