«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметі (Түркістан қ.)» мемлекеттік мекемесі азаматтық қорғау қызметкерлерінің бос лауазымдарына қызетке құжаттарды қабылдау жүргізеді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2021 жылғы 10-23 ақпан күндері аралығы.
Құжаттарды қабылдау орны: Түркістан облысы, Түркістан қаласы 037 орам, 3685 құрлыс. Департаменттер үйі 111 кабинет.
Лауазым: өрт сөндіруші - құтқарушы (C-SV-13)- 4 бірлік, оның ішінде: Отырар ауданы, Шәуілдір аулындағы № 9 ӨСБ -1 бірлік, Байдібек ауданы, Шаян ауылындағы №10 ӨСБ-1 бірлік, Кентау қаласы, Шорнақ ауылындағы №24 ӨСБ-1 бірлік, Мақтаарал ауданы, Асықата кентіндегі № 22 ӨСб – 1 бірлік.
Лауазымдық нұсқаулықтары: өрттерден, авариялардан және басқада төтенше жағдайлардан, халықты, адам өмірі мен материалдық құндылықтарды, тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарды қорғау.
Қойылатын талаптар: орта білім, орта арнайы, техникалық және кәсіптік, орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін орта білімнен кейінгі білім. Жасы он сегізге толған, бірақ отыз бес жастан аспаған, тиісті бiлiмi бар және әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери дайындықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.