GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Департамент туралы
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
Төтенше жағдайлар
20 октября 2026
СҚО-да азаматтық қорғау органдары ардагерлерінің алғашқы форумы өтті

Құтқарушылар ұрпақтары арасындағы сабақтастықты нығайту мақсатында 100-ге жуық ардагер, қызметкер және жас маман бас қосты.

А. Абдрахманов атындағы № 5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күніне орай Солтүстік Қазақстан облысында азаматтық қорғау органдары ардагерлерінің алғашқы форумы өтті. Іс-шараға 100-ге жуық ардагер, Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығының өкілдері және жас мамандар қатысты. Форум тәжірибе алмасуға, кәсіби дәстүрлерді сақтауға және құтқарушылардың әр буыны арасындағы байланысты нығайтуға арналған алаңға айналды.

Іс-шара барысында қатысушыларға заманауи өрт сөндіру-құтқару техникасы таныстырылып, тарихи үлгілері көрсетілді. 23 жас қызметкер салтанатты түрде ант қабылдады. Қатысушылар қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан құтқарушылардың рухына тағзым етті. Еңбек сіңірген ардагерлер мен қызметте ерекшеленген мамандарға «ҚР ТЖМ-ге 30 жыл» медальдары мен алғыс хаттар табысталды. Форумның ерекше сәттерінің бірі — болашақ құтқарушыларға арналған өсиет-тілектер жазылған «Болашақ құтқарушыларға жолдау» атты уақыт капсуласын әзірлеп, оны ТЖД музейіне сақтауға тапсыру болды. Форум бөлімшенің тыныс-тіршілігімен танысу экскурсиясымен аяқталды.

Төтенше жағдайлар
20 октября 2026
Ардагерлерге көңіл бөлу мен қамқорлық көрсету – олардың еңбегіне деген құрметтің белгісі

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері Азаматтық қорғау органдары ардагерлері кеңесінің төрағасы Сағынбай Увалиев, Департамент бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Нүкішев және кадр және тәрбие жұмысы басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нариман Ашамаев бастаған құрамда ведомство ардагері Роза Басыровнаға арнайы барып, сәлем берді.

Роза Басыровна өмірінің 35 жылдан астам уақытын өртке қарсы қызмет органдарындағы еңбекке арнаған. Ол еңбек жолын 1987 жылы Киров атындағы зауыттың ведомстволық өрт сөндіру бөлімінің бастығының орынбасары қызметінде аяқтаған.

Департамент өкілдері ардагердің үйіне тұрақты түрде барып, қажетті қолдау көрсетіп келеді. Кездесу барысында олар Роза Басыровнаның жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге қосқан елеулі үлесін атап өтіп, көп жылғы адал әрі абыройлы еңбегі үшін шынайы алғыстарын білдірді. Сондай-ақ оған зор денсаулық, амандық-саулық, бақ-береке және ұзақ ғұмыр тіледі.

Төтенше жағдайлар
19 октября 2026
Қазақстан ТЖМ спортшылары қоян-қолтық ұрыс бойынша Әлем кубогының медальдарын жеңіп алды

 Бурса қаласында (Түркия) қоян-қолтық ұрыс бойынша Әлем кубогының финалы өтіп, ТЖМ қызметкерлері жоғары нәтижелер көрсетті.

  Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар тоғыз медаль жеңіп алды: екі алтын, бір күміс және алты қола.

  «Жекпе-жек» дисциплинасында Айшағұл Елеубаева (ШҚО ТЖД) алтын медаль жеңіп алды. Қола жүлдегерлер: Төлебай Арман мен Казезов Ералхан (АГЗ), Хайруллина Аида (Атырау облысы ТЖД), Болатбек Сания (Қызылорда облысы ТЖД) және Ғалым Назерке (Астана қаласы ТЖД) болды.

  «Өзін-өзі қорғау» дисциплинасында Владимир Демьянов (Павлодар облысы ТЖД) алтын медаль жеңіп алды. Тукушев Өміржан (Астана қ.ТЖД) күміс жүлдегер атанды, ал қола медальді Қасымов Дархан (АГЗ) алды.

  Спортшылар мен жаттықтырушылар құрамын лайықты нәтижемен құттықтаймыз және халықаралық жарыстарда одан әрі жеңістер тілейміз!

Төтенше жағдайлар
19 октября 2026
Құрметті әріптестер, ардагерлер, қадірлі құтқарушылар!

Сіздерді «Құтқарушы күні» кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Құтқарушы – қазіргі заман қаһарманы. Батылдық пен жанқиярлық қасиеттерге ие тұлға.

  Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен батылдықтарыңыздың арқасында талай адамның өмірі сақталып, азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде.

  Қазіргі таңда бірігіп, қол жеткізген жетістіктеріміз аз емес. Президентіміз бен Үкімет тарапынан көрсетілген сенім мен қолдаудың арқасында бұдан да биік жетістіктерге жететінімізге сенімдімін.

  Қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан барлық әріптестердің есімдері мәңгі ел есінде. Жылдар бойы ісіне адал қызмет етіп, енді өздерінің бай тәжірибелерімен жас ұрпақты тәрбиелеп отырған ардагерлерімізге ерекше ризашылығымды білдіремін.

  Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, халықтың игілігі мен қауіпсіздігі үшін атқаратын қызметте сәттілік пен табыс тілеймін.

Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар министрі

Мұрат Мұханов

Төтенше жағдайлар
19 октября 2026
СҚО-да Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Петропавлда Құтқарушылар күні атап өтіліп, СҚО ТЖД-ның үздік қызметкерлері марапатталды.

Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен ардагерлері қатысты. Іс-шара барысында қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, ерлігі мен жанқиярлығы үшін бірқатар қызметкер марапатталды. Оларға мерзімінен бұрын арнайы атақтар беріліп, «Құтқарушы» және «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгілері, еңбек өтілі мен ерлігі үшін медальдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, ТЖД мен облыс әкімінің Құрмет грамоталары және алғыс хаттары табысталды.

Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына ерекше көңіл бөлінді. Оларға жақындарының ерлігі мен жанқиярлығына көрсетілген құрмет пен ризашылықтың белгісі ретінде қолдау көрсетілді. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі тақырыбында өткен мектеп оқушылары арасындағы бейнероликтер байқауының № 7, 25 және 43 мектептерден қатысқан жеңімпаздары марапатталды.

Салтанатты іс-шара шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.

ТЖ профилактикасы
15 октября 2026
СҚО ТЖД-да жеке құрамның саптық байқауы өтті

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері қысқы киім нысанына көшуде.
Петропавл қаласында Алтынбек Абдрахманов атындағы № 5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД жеке құрамының қысқы киім нысанына көшуіне орай саптық байқауы өтті.
Байқау барысында қызметкерлердің сыртқы келбеті, нысанды киімді кию ережелерін сақтауы және қысқы кезеңде қызметтік міндеттерді орындауға дайындығы тексерілді. Сондай-ақ тәртіпті нығайтуға және саптық даярлық деңгейін арттыруға бағытталған саптық даярлық сабақтары өткізілді.
Осындай іс-шаралар СҚО ТЖД-ның аудандық бөлімшелерінде де өткізілуде. Қысқы киім нысанына көшу жеке құрамның қызметтік тәртібі мен ұйымшылдығын сақтауға ықпал ететін саптық байқаулармен және сабақтармен қатар жүргізіледі.

ТЖ профилактикасы
14 октября 2026
СҚО ТЖД-да жол қозғалысы қауіпсіздігі артуда

Қызметтік көлік жүргізушілері практикалық дайындықтан өтіп, Жол жүрісі ережелерін білу деңгейін тексерді.
Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде қызметтік және жеке көлік құралдарын қатыстыру арқылы жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізілуде.
СҚО ТЖД бастығы Жомарт Асқаровтың басшылығымен Петропавл қаласы патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен бірлесіп, Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіптік-педагогикалық колледжінің автодромында практикалық сабақтар ұйымдастырылды. Жүргізушілер шұғыл тежеу, қауіпсіз маневр жасау, кедергілерді айналып өту және штаттан тыс жол жағдайларындағы әрекеттер дағдыларын пысықтады.
Сонымен қатар, жүргізушілер құрамы Жол жүрісі ережелерін білу бойынша тексеруден өтті. Өткізілген іс-шаралар жүргізушілердің кәсіби дағдыларын арттыруға, көлік тәртібін нығайтуға және ЖКО профилактикасына бағытталған.

ТЖ профилактикасы
12 октября 2026
СҚО ТЖД бастығы «Орал Гормаш» АҚ-да өрт сөндіру техникасын өндіру мүмкіндіктерімен танысты

Сапар барысында кәсіпорынның өндірістік әлеуеті мен өрт сөндіру автомобильдерін жетілдіру перспективалары қаралды.

Отандық өндірушілермен ынтымақтастықты дамыту аясында Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы «Орал Гормаш» АҚ-на барды.

Сапар барысында ол өрт сөндіру техникасын өндірудің технологиялық үдерісімен танысып, кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктерін зерделеді. Сондай-ақ өрт сөндіру автомобильдерінің конструкциясын жетілдіру бойынша ұтымды ұсыныстар енгізу мүмкіндіктерін талқылады.

Бұл өзара іс-қимыл отандық өндірушілермен ынтымақтастықты нығайтуға, өрт сөндіру техникасының сапасы мен функционалдық мүмкіндіктерін арттыруға, сондай-ақ азаматтық қорғау бөлімшелерінің техникалық жарақтандырылуын одан әрі жетілдіруге бағытталған.

ТЖ профилактикасы
12 октября 2026
СҚО-да азаматтық қорғау қызметінің ардагерлерін зейнеткерлікке шығарып салды

Петропавл қаласындағы № 5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері ардагерлерге 25 жылдық еңбегі үшін алғыс білдірді.

Петропавл қаласының төтенше жағдайлар басқармасына қарасты № 5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде қызмет ардагерлері Асхат Жамбылов пен Мұрат Жүнісовті зейнеткерлікке шығарып салуға арналған салтанатты іс-шара өтті.

Олар өмірлерінің 25 жылын азаматтық қорғау саласына арнап, қызметтік міндеттерін адал атқарып, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосты.

Әріптестері ардагерлерге көп жылғы еңбегі, кәсібилігі және қызметке деген адалдығы үшін алғыс білдірді. Қалыптасқан дәстүрге сай оларды құрметпен зейнет демалысына шығар

ТЖ профилактикасы
09 октября 2026
Кезекті атақтар — жаңа белестер

СҚО ТЖД-да қызметкерлерге кезекті арнаулы және әскери атақтарды табыстауға арналған салтанатты рәсім өтті.

Сонымен қатар, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің медальдары мен Алғыс хаттары табысталды. Қызметкерлерді құттықтап, қызметте табыс, батылдық және жаңа кәсіби жетістіктер тіледі.

 
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы