15.09.20 ж. СҚО ТЖ департаментінде брифинг өтті, онда облыс аумағындағы өрт және ТЖ жағдайы баяндалды, БАҚ өкілдеріне резонансты оқиғалар фактілері жеткізілді.
Брифингті аша отырып, СҚО ТЖ Департаменті бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Атығаев БАҚ өкілдерінің назарын қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығына аударды.
«Өткен аптада, СҚО аумағында 21оқиға орын алды, оның бірінде адам қаза тапты. 10 қыркүйек Айыртау ауданы Константиновка ауылындағы екі пәтерлі жеке тұрғын үйдің бірінде өрт шықты. Өрт салдарынан пәтердің төбесі өртеніп жартылай зазал келді. Өрттің жалпы ауданы 75 м2 құрады. Тұрғын үйдің екінші жартысы құтқарылды. Өрт орнында 1967 жылы туған үй иесінің жансыз денесі табылды. Өрттің себебі-отты абайсыз қолдану-аз калориялы от көзінің темекі тұқылы түрінде жанғыш бетке түсуі» — деп атап өтті Нұрлан Бауыржанұлы.
Сондай-ақ, ол өткен аптада құрғақ шөп пен қамыстың 21 жану жағдайы тіркелгенін атап өтті. Себебі-өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу. Департамент бастығының орынбасары табиғи өрттердің алдын алу үшін азаматтық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері мен табиғат қорғау ведомствосының мамандары жүргізетін алдын алу жұмыстарының үлкен көлемін атап өтті. Осылайша, облыста 232 адамнан тұратын 55 мобильді топ құрылды, олар 1000-нан астам рейд жүргізді, 1 млн.теңгеден астам сомаға 195 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Нұрлан Атығаев 2020 жылдың 11 қыркүйегінде Мамлют ауданы Окунево көлінде болған адам өлімі оқиғасын атап өтті. 11 қыркүйекте аталған су айдынына көлікпен Петропавлдан 1956, 1962 және 1959 жылдары туған 3 балықшы келді. Таңертең олар балық аулауға кірісті, ал олардың бірі 1959 жылы туған ер адам бөлініп, құтқару кеудешесін киіп қайықпен жүзді. Жолдастар оны түске қара іздестіре бастады, іздестірулері нәтежиесіз болғандықтан олар 112 телефонына қоңырау шалды. Оқиға орнына келіп жеткен аудандық ТЖ бөлімінің, № 15 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, полиция қызметкерлері, жергілікті тұрғындар және жоғалып кеткен ер адамның туыстары оны ымырт жабылғанша дейін (жағалауда және суда 5 қайықтан) іздеген. 12 қыркүйек күні таңертең келген СҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының мамандары көп ұзамай жағалауға жақын қалың қамыстардың арасынан оның жансыз денесін тапты. Балықшының өлімінің себебі анықталуда. Денесі СМС- қа жіберілді.
«Ағымдағы жылы судағы ТЖ құрбандары 9 адам болды, олардың біреуі бала. Олардың көбі бөлігі суға түсу кезінде қаза тапты ». Сондай - ақ, судағы жазатайым оқиғалар тіркелді, — деп атап өтті Нұрлан Бауыржанұлы.
Ол негізінен судағы төтенше жағдайлар қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау нәтижесінде пайда болатынын түсіндірді.
СҚО ТЖ департаментінің
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы