
Күзгі балық аулау кезеңі қызу үстінде. Аймақтың су айдындарына әдеттегідей көптеген балықшылар шығады. Көп жағдайда олар қауіпсіздік ережелерін сақтамай, өздерінің әуестігінің құрбаны болады.
Төтенше жағдайлардың және адам өлімінің алдын алу мақсатында Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері балық аулау құрал-жабдықтарын сататын дүкендерде профилактикалық жұмыс жүргізіп, балық аулау орындарында рейдттер ұйымдастыруда.
11 қыркүйек күні балық аулау құрал-жабдықтарын сататын дүкендерде құтқарушылар сатып алушылар арасында ары қарай таратылу үшін, судағы қауіпсіздік ережелері нақты жазылған үнпарақтар таратып, профилактикалық жұмыс жүргізді. Сонымен қатар, өткен демалыс күндері құтқарушылар ТЖ Департаментінің азаматтық қорғаныс бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп Есіл өзенінде балық аулау орындарында балықшылармен профилактикалық әңгіме жұмыстарын жүргізді. Балық аулаушыларға төтенше жағдайлардан қалай сақтану керектігін, алғашқы медициналық көмекті қалай дұрыс көрсету керектігін айтып, суда өзін-өзі ұстау ережелерін еске салды.
Абай болыңыздар, өзіңіздің және айналадағы адамдардың қауіпсіздігін ойлаңыздар! Қауіп-қатер төнген жағдайда «112» телефонына хабарласыңыздар!
«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ
Жедел-құтқару жасағы