Ағымдағы жылдың 4 қыркүйек күні «СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Николай Белоусов азаматтық қорғау органдарындағы мінсіз қызметі үшін көзге түскен бір топ құтқарушыларға «Мінсіз қызметі үшін» III II I дәрежелі медальдарын салтанатты түрде табыс етт.
Өрт сөндіру қызметінің екі жас қызметкеріне кезекті «капитан» атағын беру маңызды оқиға болды.
Ол жас офицерлерге өзінің қызметтік борышын абыроймен атқаруды және Қазақстан Республикасына адал болуды тіледі, азаматтық қорғау органдарының әрбір қызметкері үшін атақ алу тек маңызды оқиға ғана емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.
Басшылық жағынан көрсетілген ықыласты ақтау барысында Солтүстік Қазақстан облысының өрсөндірушілері алдағы уақытта да өздерін мемлекет игілігі үшін жұмыс атқаратындарын, ширақ әрі тәртіпке салынып, сонымен қоса өз күштері мен білімдерін мемлекетті төтенше жағдайлардан қорғауға арнайтындықтарын айтып өтті.
СҚО ТЖД« ӨС және АҚЖҚ» ММ
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы