
Қауіпсіздік үшін ынтымақтастық: СҚО ТЖД мен Ресей ТЖМ Түмен облысы Бас басқармасының жұмыс кездесуі
Петропавлда көрші елдердің ТЖ органдарының басшылары азаматтық қорғау саласындағы өзара іс-қимылдың негізгі мәселелерін, соның ішінде 2024 жылғы су тасқыны кезеңінің қорытындылары мен 2025 жылғы су тасқынына болжамды талқылады.
СҚО ТЖД бастығы, полковник Жомарт Асқаров және Ресей ТЖМ Түмен облысы бойынша Бас басқармасының бастығы, ішкі қызмет генерал-майоры Артур Хачатрян, сондай-ақ Есіл бассейндік инспекциясы, Қазгидромет және табиғи ресурстар басқармасы сияқты мүдделі қызметтердің өкілдері өткен жылдың су тасқыны жағдайын талдап, алдағы кезеңге арналған қауіп-қатерлерді азайту шараларын қарастырды. Сонымен қатар, жедел әрекет ету, халықты хабардар ету жүйесін жетілдіру және төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою бойынша бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша ықтимал төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге, бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыруға және шекара маңындағы аумақтар тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өзара іс-қимыл жоспарлары жасалды.
СҚО ТЖД