Солтүстік Қазақстан облысына Қарағанды қаласындағы азаматтық қорғаныс полкынан (Кеңес Одағының Батыры Мартбек Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімі) құтқарушылар тобы келді. Жедел топ құрамында 50 әскери қызметші және 5 бірлік техника бар.
✅Құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысындағы елді мекендерді су тасқынынан қорғау мақсатында ауылдардағы жер үйінділеріне полипропилен материалынан қорғаныс жамылғысын орнату және қаптарға инертті материалдар толтыру жұмыстарын жүргізеді.
✅Бұл шаралар су басу қаупін төмендетуге және тұрғындарды қорғауға бағытталған