2025 жылғы 6-7 наурыз аралығында өтетін «Көктем-2025» Республикалық командалық - штабтық оқу-жаттығуына дайындық шеңберінде Департаментте подполковник бастығының орынбасары Мұрат Қанғожиновтың төрағалығымен облыстық азаматтық қорғау қызметтерінің басшы құрамымен жұмыс кеңесі өткізілді. Іс-шара барысында 2025 жылғы су тасқыны кезеңінде ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштер мен құралдарын дайындау мәселелері пысықталды.
Мұрат Серікұлы қатысушылардың назарын алдағы оқу-жаттығудың негізгі міндеттеріне аударды, ең бастысы - азаматтық қорғау қызметтері, жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды пысықтау. Су айдау техникасының жұмысқа қабілеттілігін тексеру, қар тазалау, сондай-ақ су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын халыққа жеткізу сияқты практикалық іс-шараларды тиісті деңгейде өткізуге баса назар аударылды.