Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта семинар өтті.
Іс-шара барысында СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің инспекторы Зайцева С. Н. сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіріп, ҚР және СҚО бойынша статистикалық деректерді келтірді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жүйесіндегі заңнамалық өзгерістер, жаза мен жауапкершілік шаралары, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды қорғау мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Семинар барысында алдын алу шараларына, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау арқылы оны болдырмау тетіктеріне ерекше назар аударылды.