2025 жылғы 20 ақпанда СҚО ТЖ департаментінің мәжіліс залында "жалпыға бірдей декларациялау" тақырыбы бойынша семинар-кеңес өтті , семинарға СҚО МКД Петропавл қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің бас мамандары Қыпшақбаева Гүлнара Мейрамқызы, Баграмова Әйгерім Қадырқызы қатысты.
Мамандар 2024 жылға арналған декларацияны толтыруға қатысты түсініктемелер берді, сондай-ақ кезең-кезеңімен жүргізілуі көзделген жалпыға бірдей декларациялау туралы айтылды. Бірыңғай республикалық нөмір 1414 платформасында салық мәселелері бойынша байланыс орталығының іске қосылуы туралы жеткізілді.
«Салық төлеушінің кабинеті» арқылы кірістер мен мүлік туралы декларацияны қалай ұсынуға болатындығы айтылды (kgd.gov.kz), esalyq azamat мобильдік қосымшасы, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдарына не ХҚКО-ға келу тәртібімен қағаз жеткізгіште.
Табыс және мүлік туралы декларацияны қағаз және электрондық жеткізгіште ұсыну мерзімдері айтылды.
Семинар барысында мекеме қызметкерлері қызықтырған сұрақтар бойынша сұрақтар қойды.
ҚК және ТЖ
аға инспекторы СҚО ТЖД
азаматтық қорғау майоры Е. Алазов