
Өткен күндері Есіл ауданының ТЖБ және Явленка ауылының №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері «Негізгі Заң апталығы» қайырымдылық акциясына қатысты.
ТЖБ және өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өртке қарсы қызмет ардагері 1938 жылы туған Екатерина Петровна Ильинаның үй аумағын абаттандыру бойынша көмек көрсетті: құм төсеп, бұталарды кесіп, шөбін шауып, аула аумағын жинап берді.
Соңында Екатерина Петровна қызметкерлерге көмек көрсеткені үшін алғыс айтып, өрт сөндірушінің қиын жұмысына денсаулық пен шыдамдылық тіледі.
Қанғожинов Р.
Есіл ауданының Явленка а.
10-ӨСБ бөлім бастығы
азаматтық қорғау майоры