
СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері азаматтарға азаматтық қорғау органдарына қабылдану тәртібін, қызмет өткерудің ерекшеліктерін түсіндірді.
✔️Жұмысшы мамандықтар жылы аясында мамандар М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу ережелері туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізушісі, өрт сөндіруші-құтқарушы, сондай-ақ департаменттің құқықтық тобының заңгері лауазымдарына жұмысқа орналасу тәртібі түсіндірілді.
@112sko_tjd