СҚО ТЖД қызметкерлері Смирново ауылдық округінің Мәдениет үйінде мектеп оқушыларымен кешенді іс-шара өткізді.
Іс-шараға ауданның 10 мектебінен орта және жоғары сыныптың 200-ден астам оқушысы қатысты. Оларға өрт қауіпсіздігі ережелері, өрт немесе төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету тәртібі түсіндірілді, алдын алу және имидждік сипаттағы бейнероликтер көрсетілді. Кадр және тәрбие жұмыстары басқармасының өкілдері, аудандық ТЖ бөлімі қызметкерлері Азаматтық қорғау академиясына түсу ережелерін түсіндіріп, өрт сөндіруші мен құтқарушының қызметі туралы айтты. Жоғары сынып оқушыларының арасынан қалағандар өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімін киіп көріп, кәсіби бағдар беру викториналарына қатысты.
СҚО ТЖД