DJI Matrice 350 RTK дроны СҚО-дағы су тасқыны қаупі бар аумақтарды бақылауға көмектеседі

DJI Matrice 350 RTK дроны СҚО-дағы су тасқыны қаупі бар аумақтарды бақылауға көмектеседі

Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті (СҚО ТЖД) су тасқынына бейім аумақтарды мониторингтеу үшін жаңа ұшқышсыз ұшу аппаратын (ҰҰА) пайдалана бастады. Бұл жоғары сапалы деректерді алу және алдын алу шараларын қабылдау мақсатында жүзеге асырылуда.

 

Жетілдірілген техникалық сипаттамалары бар DJI Matrice 350 RTK квадрокоптерінің көмегімен құтқарушылар Петропавл қаласы маңындағы және Қызылжар ауданындағы су тасқыны қаупі жоғары аумақтарды зерттеді. Жуырда Департаменттің қаруына қабылданған дрон бірқатар әсерлі мүмкіндіктерге ие: желге төзімділігі жоғары (12 м/с-қа дейін), басқару қашықтығы 20 км, ұшу биіктігі 7 км, ал жұмыс уақыты 55 минутқа дейін. Квадрокоптер жоғары дәлдікті позициялау жүйесімен (сантиметрге дейінгі дәлдік), прожектормен, лазерлік қашықтық өлшегішімен, жылу камерасымен, автономды ұшу функцияларымен, кедергілерді анықтау жүйесімен және 32 есе үлкейту мүмкіндігі бар камерамен жабдықталған.

Ұшу барысында Заречный ауылының маңындағы, сондай-ақ Қызылжар ауданының Вагулино, Соколовка және Большая Малышка ауылдарының аумағында бірқатар жоғары сапалы фотосуреттер түсірілді. Бұл деректер су тасқыны қаупі жоғары орындардың аналитикалық базасын толықтырды. СҚО ТЖД су тасқыны қаупі бар аймақтарды мониторингтеу мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.

СҚО ТЖД