
Биыл азаматтық қорғаныс органдарының құрылғанына 25 жыл толуда, осы салада талай жылдан бері қызметін адал атқарып, еңбегін сіңіріп келе жатқан аға буын өкілінің бірі Уәлиханов ауданындағы № 17 өрт сөндіру бөлімінің азаматтық қорғау сержанты Шайхин Арман Мырзабекұлы. Ол 1978 жылы 15 қазан Көкшетау облысы Қызылту ауданында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін ол 1998 жылы ҚР ҚК қатарына шақырылды. Әскерге шақырылғанға дейін Арман өрт сөндіру қызметінің қатарына қосылуды аңсаған. 2003 жылы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылының №17 өрт сөндіру бөліміне өрт сөндіруші қызметіне орналасты.
Арман Мырзабекұлы өрт сөндіру жолында мол тәжірибеге ие, талай тілсіз жаумен бетпе-бет келіп адамдарды құтқарып, қалып оларға екінші рет өмір силаған жан. Қызметтік жолында ол әр бір іс-шараға белсенді қатысты, облыстық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері, 2017 жылғы «Үздік өрт сөндіруші» атанды. Өзінің қажырлы еңбегінің, қызметтегі жоғары көрсеткішінің және өзінің функционалдық міндеттерін тиісінше атқаруының арқасында ІІІ-ІІ дәрежелі «мінсіз қызметіне 10 жыл», «өрт күзетіне 100 жыл» медальдарымен марапатталған. Қызмет ету кезеңінде бірқатар көтермелеулер бар.
Сонымен қатар ол кәсіби біліктігінің, жұмысына деген жауапкершілігінің арқасында ұжым үшін, артынан ізін басып келе жатқан жас қызметкерлер үшін әр дайым құрметке ие үлгі тұтар тұлға. Сондықтан да осындай қызметкерлердің арқасында бүгінде біздің ауданымыздың өрт сөндіру бөлімінің беделі мен даңқы асққтап тұр.
Мыңжан Райымбек Қайырбекұлы
Кішкенекөл а. 17-ӨСБ бастығының орынбасары
азаматтық қорғау аға лейтенанты