СҚО ТЖД қызметкерлері «Отбасы банк» өкілдерімен кездесті

СҚО ТЖД қызметкерлері «Отбасы банк» өкілдерімен кездесті

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында СҚО ТЖД қызметкерлері «Отбасы банк» АҚ өкілдері Шолпан Шәріпова және Қарлыға Мизгельбаевамен кездесті.
Бүгінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған түрлі тұрғын үй бағдарламалары бар.
Кездесу барысында азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін жеңілдетілген ипотекалық несие беру және жалдамалы тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар қатарына қосу мәселесі талқыланды.

Шолпан Жанбырбайқызы жеке құрамға Қазақстандағы жаңа мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары туралы айтып берді, олардың ішінде біздің қызметкерлер қатыса алатын бағдарламалар да бар. Спикердің баяндамасынан кейін қызметкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

Кездесуге басқарма аппаратының қызметкерлері қатысып, қалалық және аудандық бөлім басшылары онлайн форматта қосылды.

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті