«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі»: СҚО ТЖД мамандары төтенше жағдайлар саласындағы қызмет туралы айтты

«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі»: СҚО ТЖД мамандары төтенше жағдайлар саласындағы қызмет туралы айтты

СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері азаматтарға азаматтық қорғау органдарына қабылдану тәртібін, қызмет өткерудің ерекшеліктерін түсіндірді.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында мамандар М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу ережелері туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізушісі, өрт сөндіруші-құтқарушы, сондай-ақ департаменттің құқықтық тобының заңгері лауазымдарына жұмысқа орналасу тәртібі түсіндірілді.

СҚО ТЖД