СҚО-да жеке тұрғын үйде өрт оқиғасы орын алды

СҚО-да жеке тұрғын үйде өрт оқиғасы орын алды

  Түнде «112» пультіне Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Ступинка ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы ақпарат түсті.

  Өрт сөндірушілер келген кезде үй толығымен жалын жабылды, соның салдарынан шатыр мен төбе құлаған.

  Өртті сөндіру барысында оқиға орнынан екі ересек адам мен үш баланың денелері табылды, олардың жеке басы анықталуда.

  Жедел жеткен құтқарушылар өртті оқшаулады. СҚО ТЖД күштері мен өрт сөндіру бекеті өртті толықтай 104 шаршы метр аумақта сөндірді. Төтенше жағдайлар департаментінің психологиялық көмек тобы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына жедел психологиялық көмек көрсетті.

  СҚО ТЖД басшысы Асқаров Ж.С. оқиға орнында. Сондай-ақ тергеушілер мен ТЖД-ның зерттеу сынақтық өрт зертханасы жұмыс істеуде. Өрттің себептері анықталуда.

  Өрттің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс аясында аудандық ТЖ бөлімі қызметкерлері 2024 жылғы 5 қазанда ауылдың тұрғын секторын аралаған.