
2025 жылғы 19 қаңтарда «Христосқа шоқыну» мейрамы өткізілді. Осы күні Шал ақын, Г.Мусрепов, Есіл, Айыртау, Қызылжар, М.Жұмабаев, Тайынша және Мамлют аудандарында орналасқан су айдындарында 8400-ге жуық адам арнайы белгіленген орындарда суға шомылды. Олардың ішінде облыс орталығының тұрғындары – Қызылжар ауданындағы Қара көлінде де болды. Осы кезеңнің ерекшелігі сол, көптеген су айдындарында, әсіресе ағынды суларда мұздың қалыңдығы массалық іс-шараларды өткізуге жеткіліксіз болды. Сондықтан қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында шомылуға арналған орындар саны шектеліп, шомылғысы келгендер шіркеулерде де суға түсті.
Мереке қарсаңында халық арасында қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, суға түсу үшін арнайы белгіленген орындардан тыс шомылуға жол берілмейтіні туралы ескертілді. Мереке барысында СҚО ТЖД, полиция департаменті, медициналық қызмет және СҚО апаттар медицинасы орталығы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері кезекшілік ұйымдастырды. Мереке кезінде тек СҚО ТЖД-дан 36 техника бірлігі мен 68 адам жеке құрам жұмылдырылды.
Қауіпсіздік шараларының арқасында және барлық ұйымдардың жұмысымен, сондай-ақ азаматтардың жауапкершілігімен мейрам барысында төтенше жағдайлар орын алған жоқ!
СҚО ТЖД