
Петропавл қ. ТЖБ қызметкерлері облыс орталығындағы білім беру мекемелерінің басшыларымен семинар-сабақтар өткізді. Семинарға жалпы саны шамамен 100 педагог қатысты. Семинар барысында білім беру нысандарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды. Басшыларды оқыту – білім беру мекемелеріндегі балалар қауіпсіздігінің негізі.