Шексіз ризашылығымды білдіремін...

Шексіз ризашылығымды білдіремін...

Жақында СҚО ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камаловтың атына Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылының тұрғыны Рафаил Гизатуллиннен алғыс хат келіп түсті, онда ол өртке қарсы қызметі мамандарына Энгельс көшесі 13 үй мекен-жайында болған өртті жою барысында көрсеткен кәсібилігі мен жеделдігі үшін шексіз алғысын білдірді.

Сонымен, 2020 жылы 8 тамыз күні 12 сағат 35 минутта. өрт сөндіру бөлімінің «101» пультіне ауладағы үй жайларындағы өрт туралы хабар келіп түсті, дереу өрт орнына Новоишим ауылының № 16 өрт сөндіру бөлімінің кезекші қарауылы жіберілді. Санаулы минуттан соң қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны Жасұлан Қайрат басқарған өрт сөндірушілер ашық жалынмен жанып жатқан шаруашылық құрылыстағы өртті дереу сөндіруге кірісті.

Жалын ортасынан құтқарушылар үш газ баллонын алып шықты. Өрт салдарынан зақым келген залал жалпы ауданы 160 м2 құрады. Тілсіз жау туралы уақытылы хабарлау және «СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ өрт сөндірушілерінің, сондай-ақ Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ТЖБ қызметкерлерінің жедел жұмысы арқасында төтенше жағдай салдарын азайтуға, қызыл жалынның одан әрі таралуына жол бермеуге мүмкіндік берді.

«Біздің үйдегі өртті сөндірудегі жеделдігі үшін алғысымды білдіргім келеді. Қызметкерлер білікті әрекет етіп, өрттің тұрғын үйге таралуына жол бермеді. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның №16 өрт сөндіру бөлімі мен ТЖ бөлімінің қызметкерлеріне рахмет» — деп Рафаил Ахметович өз алғысын білдірді.

Өрт сөндірушілер жұмысының жоғары бағасы Департаменттің жеке құрамын жұмыстағы жаңа жетістіктерге, Қазақстан Республикасының халқын табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дан қорғау бойынша кәсіби борышын орындауға шабыттандырады!

СҚО ТЖ департаменті ішкі және сыртқы
коммуникациялар тобы