
2024 жылғы 10 қаңтарда сағат 04:50-де Петропавл қаласында Конституция Казахстана көшесі, 55 мекенжайында орналасқан 9 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы «Рахат» дүкенінде өрт шыққаны туралы хабарлама «101» пультіне келіп түсті.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде дүкен ғимараты ашық жалынмен жанып, қатты түтіндену байқалды. Өрт орнына Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Жомарт Аскаров пен департаменттің басшылық құрамы келді. Өрт сөндіру бойынша жедел штаб құрылып, Петропавл гарнизонының өртке қарсы қызметінің қосымша күштері мен техникалары жұмылдырылды. Өртке 3-ші (жоғары) деңгейдегі шақыру дәрежесі берілді. Өрт сөндіру жұмыстары үш учаскеде ұйымдастырылды.
СҚО ТЖД қызметкерлерінің күшімен көпқабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабаттарынан 68 адам, оның ішінде 18 бала эвакуацияланды. Тұрғындарға психологиялық қолдау көрсету үшін жедел желі ашылып, өрт орнында психологтардың жұмысы ұйымдастырылды.
Өрт сағат 07:53-те оқшауланып, 09:20-да толық сөндірілді. Өртті сөндіруге СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің 20 техникасы және жеке құрамнан 67 адам жұмылдырылды.
Алдын ала деректер бойынша, өрттің аумағы 200 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында жалын көппәтерлі тұрғын үйдің жоғарғы қабаттарына таралмады.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын анықталуда.
СҚО Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Өрттің алдын алған оны сөндіргеннен оңай.
СҚО ТЖД ТЖМ РК-ның имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы