
Балық аулау белсенді дем алыстың түрі болса да, көбі қауіп-қатер жайлы ойланбайды. Сол себепті балық аулаумен айналысатындар қарапайым қауіпсіздік ережесін үнемі сақтап, мұқиат болу қажет. Жыл сайын құтқарушылардың ескертпелерін елемей ондаған балықшылар суға батып жатады, қайғылы сттистика оларды еш қорқытпайды.
25 тамыз күні жасақтың құтқарушылары балық және аңшыларға арналған дүкендерінде шағын көлемді кемелермен және жағадан балық аулау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау бойынша ақпараттық-профилактикалық жұмыс жүргізді, жұмыс барысында 8 дүкен қамтылып, сатып алушылар арасында тарату үшін 160 жадынама таратылды.
Балықшылық адам өміріне үлкен қауіп қатер төндіреді. Әсіресе ауа райы салқын болса, сол кезде ауа температурасы 5-7 градусты ғана құрайды, егер қайық аударылып қалса, балықшы суда тап болып, суға толған киімі төмен қарай тарта береді. Бұндай жағдайда адамды құтқару оңай емес.
Жедел-құтқару жасағы күзгі балық аулаушыларға судағы оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында келесі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді: су айдынына техникалық жағынан жарамды қайықпен шығу қажет, оған артық жүк салуға тыйым салынады. Қайық үстінде балық аулау кезінде шапшаң істерді жасамаңыз, қайық резинадан жасалған болса, оның кесіліп кетпеуін мұқият қадағалап отырыңыз. Ішімдік ішуден сақ болыңыз!
СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ
Жедел-құтқару жасағы