
Ауа-райының салқындағанына қарамастан су айдынында дем алам деушілер аз емес, әсіресе бұл топқа балық аулаушылар жатады. Су айдында балық немесе аң аулап бос уақыттарын өзкізбекші болған балықшылар мен аңшылардың кезі деп айтуға болады. Судағы оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында ТЖ Департаментінің және оған бағынышты мекемелерінің қызметкерлері облыс аймағындағы су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күнделікті рейдттер өткізуде, профилактикалық әңгіме жұмыстарын, судағы жүріс-тұрыс ережесімен үнпарақ таратуда.
Су айдынына шығарда өз қауіпсіздігіңіз туралы ұмытпаған жөн. Міндетті түрде жүзу құралдары техникалық жағынан түзу болуы тиіс, сондай-ақ жеке құтқару құралдарымен жабдықталуы тиіс, бұлар — құтқару жилеті, суға батырмайтын дөңгелек. Және де міндетті түрде қайық үстіндегі тәртіп ережелерін білу қажет. Қайық үстінде тұруға және жүруге, қайықты бірден қатты қозғалтуға немесе шайқауға болмайды, борт сыртына еңкеюге, қайық үстінде мас күйде жүзуге болмайды, ересек адамдарсыз кәмелет жасқа толмаған балаларға жүзу құралдарымен пайдалануына тыйым салынады.
Жедел-құтқару жасағы Солтүстік Қазақстан облысының азаматтарына суда сақ болуларын ескертеді. Егер де Сіз осындай сияқты уақиғаға куәгер болсаңыз, 112 телефон бойынша хабарласыңыз.
«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ
Жедел-құтқару жасағы