
СҚО ТЖД құтқарушылары Пестрое көлінде "Мұз-2024" акциясы аясында Петропавл қаласы мектептерінің оқушыларына мұздағы ТЖ кезіндегі іс-қимылдарды үйретті.
Қысқы демалыс қарсаңында Департаменттің жедел-құтқару жасағының мамандары мұз астына түсу кезінде өзін-өзі құтқару және құтқару әрекеттері, сондай-ақ зардап шегушіге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша көрме сабақтарын өткізді. 20 оқушы экстремалды жағдайда жедел жәрдем алгоритмін үйреніп, сахналауға куә болды.
Балалар жедел-құтқару техникасының мүмкіндіктерімен танысып, құтқарушы мамандығы туралы білімдерін толықтырды.
СҚО ТЖ департаменті