Жылыту кезеңі — алдын алу!

Жылыту кезеңі — алдын алу!

15 тамыздан бастап Солтүстік Қазақстан облысының аумағында «2020-2021 ж жылыту кезеңі» тақырыбы бойынша өрт қауіпсіздігі айлығының 1 кезеңі басталды. Еліміздің солтүстік аймақтарында күзгі суық басқа аймақтарға қарағанда ертерек келеді. Осыған байланысты пешпен жылыту қауіпсіздігі өзекті мәселе болып табылады. Айыртау ауданының елді мекендерінде тамыздың 3-ші онкүндігінде жеке үйлерде пештер жағыла бастады.

Айыртау ауданының азаматтық қорғау органының қызметкерлері 15 және 19 тамызда Кирилловка, Кутузовка, Саумалкөл және Каменный Брод селоларының тұрғын үй секторында профилактикалық жұмыстар жүргізді. Халықтың әлеуметтік осал топтарының мекенжайларына барды. Аталған жұмыстарды жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдардың 1 маманы және ауданның жастар ресурстық орталығынан 2 волонтер тартылды. Тұрғын үйлерде жылыту пештері, олардың жағдайы тексерілді. Тұрғындармен пештерді пайдалану бойынша нұсқаулықтар өткізілді, аудандағы өрт статистикасы жеткізілді. Жалпы, 34 тұрғын үйге барылып, 10 үй құлыппен жабылған болған. 34 үйдің 33 үйінде 36 ӨҚЕ бұзушылықтары бар. Бұзушылық сипаттары: пештің мұржасындағы және пештің өзіндегі жарықтар, оттық алдындағы табақтың сәйкес келмеуі немесе болмауы, отынды пеш үстінде кептіру, жанғыш материалдарды пеш алдындағы табақшада қалдыру.

Халықтың әлеуметтік осал топтарымен атаулы жұмыстар жалғасуда.

Т.К. Қоянбаев
Айыртау ауданының ТЖБ аға инженері
азаматтық қорғау капитаны