Тайынша ауданында өткен оқу-жаттығу барысында қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жою іс-қимылдары пысықталды.
Оқу-жаттығуға СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметкерлері, медицина және азаматтық қорғау қызметінің басқа да өкілдері тартылды. Төтенше жағдайларға ден қою бойынша уәкілетті органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын және дайындық деңгейін тәжірибе жүзінде пысықтау жұмыстары жүргізілді.
Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша аудан әкімі Берік Әлжановтың төрағалығымен мүдделі қызметтердің басшыларымен кеңес өткізіліп, төтенше жағдайларды жоюға дайындығы бағаланды.
СҚО Төтенше жағдайлар департаменті