
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметі бойынша, 20 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, тұман, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м / с, екпіні 25 м / с.
Петропавл қ: 20 тамызда найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін шаралар қабылдауға кеңес береді.
СҚО ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы